Мектепішілік "Инабат" қыздар клубының кезекті отырысы өтті. Бұған 8-9-10 сыныптың қыздары мен ұстаздары, "Қазақ қызы" мәдени-инабаттылық институты мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесу осы институттың оқу-тәрбие директоры Сая Құдайбергенқызы, маркетолог Асем Құрманғалиева келді. Олар қыздарға қазақ салтымен шашу шашты. Одан соң, туыстық атауларға қатысты сөздерді қойып, сол бойынша төрге орналастыру туралы ойын элементін өткізді.
"Инабат" клубының жетекшісі Балжан Изтлеуова одан әрі қарай 10-сыныптың қыздарымен "Мектеп формасының жарасымдылығы, тиімділігі" туралы айтып өтті. 10-сынып оқушысы Қостай Дана мектеп формасының тарихынан бастап, қазіргі жағдайдағы киім үлгісі туралы түсіндіріп өтті. Қыздар киімге сай шаш үлгісін жасап, сән көрсетті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"