Меню KDT

Новости

Главная Новости

07.11.2017

Асық ату

Асық ату

2017  жылдың   7 қарашасы күні   Астана қаласы  №18  орта  мектебінде асық атудан  «Астана  сақасы»  халықаралық жекелей турнирі   2004-2006 жылдары туылған жасөспірімдер балалар арасында  «Бес асық», «Бес тас» ойындары  өтті. Мектебіміздің 6- сыныптары арасынан  Кунтуриев Нурбол,  Әділ Нұрсұлтан, Досбол Көркем сынды   қатысып,  дене  шынықтыру пәнінің мұғалімі  С.Б. Мусилимов жетекшілік етті.   Осы турнир қорытындысында 6 «Б» сынып оқушысы  Әділ Нұрсұлтан  ІІІ орын  иеленді.  Иегерге  Астана қаласы  «Асық ойыны» федерациясының президенті  Е.Рахметов табыс етті.

07.11.2017

"Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру"

Ел басының "Блашаққа бағдар: рухани жаңғыру" аясында ұлттық ойындарды насихаттау мақсатында халықаралық көлемді іс-шара ұйымдастырылды. Саха (Якутия) республикасынан келген қонақтар өз елінің ұлттық ойындармен таныстырды. Іс-шара Астана қаласы Нұр Отан партиясы Сарыарқа аудандық филиалының бірінші орынбасары Б.А.Алимгазина, Республикалық асық ату федерация сының вице- президенті Ж.С.Сабыржанов, Саха  (Якутия) Республикасы В. Манчара атындағы ұлттық ойындар орталығының басшысы Надежда Николаевна қатысты.

07.11.2017

Қант диабеті жайлы дәріс

3 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында Астана медицина университетінің интерн – дәрігерлері келіп, мектеп мұғалімдеріне қант диабеті жайлы дәріс оқыды.

07.11.2017

Құттықтаймыз!

Астана қаласында Республикалық «SportFest Kazakhstan» мектеп спартакиадасының аймақтық іріктеу ойындары нәтижесінде кіші футбол жарысына қатысып, командамыз І орын алды. Команда мүшелеріне арнайы сыйлықтар табыс етіліп, дипломмен марапатталды. Спортшыларымызды жеңістерімен құттықтай отырып, биіктен көрулерін тілейміз.

07.11.2017

ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

5 қараша күні қалалық оқушылар сарайында балалар мен жасөспірімдер арасынан дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық əлеуетін дамытуға жағдай жасау мақсатында өткен "LAULA-2017" Халықаралық шығармашылық байқауында эстрадалық əн номинациясы бойынша жүлделі 2- орынды иеленген 81 "ASTANA ENGLISH SCHOOL" гимназиясының 1-сынып оқушысы Ержанова Адина мен жетекшісі Карашаева Гүлмира Қуандыққызын жеңістерімен құттықтаймыз!

06.11.2017

№2 дәстүрлі педагогикалық кеңес

3 қараша күні №3 мектеп – гимназиясының мәжіліс залында №2 дәстүрлі педагогикалық кеңес өткізілді. Кеңес барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жан жақты талқыланды. «Жаңа жағдайда жаңғыруға деген ішкі ұмтылыс – біздің дамуымыздың ең басты қағидасы. Өмір сүру үшін өзгере білу керек. Оған көнбегендер тарихтың шаңына көміліп қала береді» - деп елбасымыз айтпақшы, енгізілген жаңартылған оқу бағдарламасы барысында мектеп ұстаздары тап болып жатқан қиындықтар мен оларды шешу жорлдары жан жақты қарастырылды. Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасарлары И.Ф. Ахметова, Г.К. Ускембаева және Б.О. Кипшакбаева 1 тоқсанның қорытындысы бойынша есеп берді.

06.11.2017

"Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы"

"Болашаққа бағдар рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылған қалалық "Бейбітшілік пен мейірімділіктің 7 нотасы" ән байқауында 1 орынға ие болған 6 сынып оқушысы Мерекеев Мертайды құттықтаймыз! Жетекшісі: Кудерина Жанар Ағзамовна.

06.11.2017

І Халықаралық «ART GLOBAL» өнер конкурс-фестивалі

Үстіміздегі жылдың қазан айының 22 жұлдызында Астана қаласында өткен І Халықаралық «ART  GLOBAL»  өнер конкурс-фестивалінде  6 сынып оқушысы Сүйіндік Жанат ІІ дәрежелі  дипломмен  марапатталып, лауреат атанды.  Жетекшісі  Кудерина Жанар Агзамовна. Құттықтаймыз!

05.11.2017

Қант диабеті жайлы дәріс

6 – 13 қазан күндері мектебіміздің мәжіліс залында Астана медицина университетінің интерн – дәрігерлері келіп, 6,8,10,11 - сынып оқушыранына қант диабеті жайлы дәріс оқыды.

04.11.2017

Құттықтаймыз!

«Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған   2-3 сынып оқушылары арасында І қалалық «Сөз құдіреті» мәнерлеп оқу байқауына 2-сынып оқушысы - Егінбаева Лаура және жетекшісі Шакирова Роза Зиябекқызы қатысып, ІІІ дәрежелі дипломға ие болса, 3 –сынып оқушысы – Мұратов Санжар және жетекшісі Кусаинова Каракоз Сейтмагзумовна І дәрежелі дипломға ие болды. Ұстаздарымызға шығармашылық табыстар тілей отырып, оқушылардың жеңістері көбейе берсін деген ниет білдіреміз.

Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны