«Еңселі елден – Мәңгілік елге»
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 26 жылдығы қарсанында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп желтоқсан айының 14 күні мектептің оқу залында 10-11 қазақ –орыс сыныптары арасында Елбасының «Болашаққа бағадар: Рухани жаңғыру» «Еңселі елден – Мәңгілік елге» атты тақырыбында қалалық дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге шақырылған қонақтар Білім басқармасы қоғамдық пәндердің әдіскеріӘмірғалиева Дайра Қайнемқызы, Мемлекет тарих институтының аға қызметкері Калиев Жабай Нурмакович, ЕҰУ тарих кафедрасының оқытушысы PhD докторы Кабылтаева Самал Казизовна, ЕҰУ Археология және этнология кафедрасының доценті Ибадуллаева Злиха Омербековна, ЕҰУ Еуразиялық зерттеу кафедрасының оқытушысы Ахметшина Гульден Улихановна. Дөңгелек үстел мәжілісінде Қазақстанның әл-ауқаты, қуғын-сүргінге ұшыраған алаш зиялылары, тәуелсіздік алғаннан кейінгі еліміздің жағдайы: экономикалық, әлеуметтік, саяси ахуал, қазіргі Қазақстанның жағдайы және ертеңге деген жастардың сенімі және т.б. мәселелер қаралды.
Дөңгелек үстел барысында мектеп оқушылары өз ойларын анық жеткізгенің, тарихи оқиғаларды тереңнен айта білгенің, мемлекеттік бағдарламаны жоғарғы деңгейде талдағаның көрген қонақтар өз пікірлерін айтып, алғысын білдірді.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии