2017 жылдың 16 қарашасында «17-қараша- студенттер күніне орай Астана қаласы әкімдігінің «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында, техникалық және кісіптік білім беру оқу орындарының арасында MEGA Silk Way СО-да «Жастар фестивалі» өткізілді.

Дарынды балаларға арналған №81 «Astana English School» гимназиясының тарих пәні мұғалімі Касенова Шынар Слямкановна Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы тұңғыш Президенті- Елбасы кітапханасында «Мәдениет саласындағы өзекті мәселелер» шеберлік сыныбында «Сөз құдіреті, Елбасының «Жылдар мен ойлар» жинағына шолу » тақырыбында 8 «А» сынып оқушыларымен ашық сабағын ұсынды.

2017 жылдың 18 қарашасында студенттер күніне орай Астана қаласы әкімінің орынбасары Аманшаев Ермек Әмірханұлының бастамасымен, «Астана Жастары» КММ-А35» жобасы аясында, техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының арасында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ қабырғасында «Жайдарман» фестивалі өткізілді.

2017 жылдың 17 қараша күні колледжіміздің акт залында арман қуып, білім іздеп келген жастарды салтанатты студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өткізілді.
Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерекесіне арнап оқушылар үшін таңертеңнен бастап салтанатты жиындардан басқа бала ақындармен кездесуге арнайы қонақ ретінде келген зиялы қауым өкілдерімен танысты.
Бүгін, яғни қараша айының 20 күні біздің білім ордамыз №59 мектеп-лицей 10 жасқа толып отыр. Сынып оқушылары белсенді дайындалып, қызығушылық танытты. Сынып сағатын мемлекеттік гимнмен бастап, ары қарай жоспарланған сценариймен өрбіді.
Мектеп-лицейдің 10 жылдық мерейтойын асыға күткен мектеп ұжымы мен оқушылар 2017 жылдың қараша айының 20-жұлдызында салтанатты жиындар таңертеңнен бастап өткізілуде

13 қарашада «Еңбек өмірдің тұтқасы ,тіршілік көзі» атты сынып сағатында 7В және 9В сыныптары топтық жұмыстар арқылы ешқандай еңбек құралдарын пайдаланбай, ақ түрлі заттар жасауға болатынына көз жеткізді.Олар өз ойларына ерік беріп, топтық жұмыста түрлі -түсті қағаздарды жапсыру арқылы ой -қиялға ерік берді .Төменде сол сынып сағатынан көрініс.

14 қараша күні 7 В және 6 В сынып оқушылары сынып жетекшілері Байсалбаева Кулзия Копбосыновна және Келісова Тоғжан Жеңісқызымен Астана қаласының №2 өрт сөндірушілер бөлімінде экскурцияда болды. Онда оқушылар өте қызықты мәліметтер алып қана қоймай , өрт сөндірушілерге арналған мұражайды да аралап қайтты. Төмендегі суреттерде сол саяхаттан көріністер.

Бүгін Астана қаласы №48 мектеп-лицейде "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бірлестігінің апталығының қорытынды іс-шарасы өтті. "Рухани жаңғыру: А.Байтұрсынұлының даналық тағылымдары" тақырыбындағы конференцияға белгілі алаштанушы ғалым, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы- Әбдуәли Бекжан және алгебра, геометрия кафедрасының оқытушысы Абдрахман Сапарұлы қатысты.

Мектебімізде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты тізіліс өтті. Мәртебелі мерекеде құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Шабкеноваға берілді. Біздің де оқушыларымыздың арасынан ел басқаратын азаматтардың көптеп шығатынына сенім білдірді. «Үздік мәдениеттілік – ол спорт, шынығу мен денсаулық» акциясы 4-7 сынып оқушыларының флешмобымен басталды.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны