Меню KDT

Новости

Главная Новости

«Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына қабылдау өт

    2017-2018 оқу жылының 25 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінің 26 жылдығына орай мектебімізде оқушыларды «Жас Ұлан» ұйымына қабылдау рәсімі өтті. Биылғы жылы «Жас Ұлан» ұйымына 192 оқушы қабылданды, ал «Жас қыранға» 400 оқушы қабылданды. Оны айғақтайтын оқушылардың мойынына тағылған аспан түстес көк галстук. Мүшелікке қабылдау рәсімінде оқушылар жауапкершілік жүгін арқалап, елінің патриот ұл-қызы болып, тарихымыз бен тілімізді сақтауға ант берді. Салтанатты рәсімге қатысқан аға буын өкілдері, мектеп директордың ғылыми ісі жөніндегі орынбасары Қашаева Айгүл Ондағановна және директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Шаяхметова Айгүл Сайлауовна оқушылардың мойнына галстуктерін тағып, мектебіміздің ұландары болашақта өз жерін, елін, халқын қорғайтын, ұлтымыздың атадан-балаға, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін, ана тілін қастерлейтін Тәуелсіз Қазақстан Мемлекетінің парасатты, адамгершілігі мол, білімді, қайратты, инабатты тұлғалы азаматы болады деп сенетіндігін айтты. Салтанатты кеш мектебіміздің 6 «б» сынып оқушысы Хасенова Гүлназ «Қазағым» әнімен аяқталды.

 
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны