№65 мектеп-гимназиясында желтоқсанның 13 күні «Жас Қыран» мен 14 күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымына оқушыларды қабылдаудың салтанатты жиыны болып өтті.

Бүгін Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында Алаш қозғалысына 100 жыл жəне Тəуелсіздігімізге 26 жыл толуына орай "Рухани жаңғыру: болашаққа бастар жол!" атты ата-аналарға арналған мектеп мұғалімдері мен оқушылардың ұйымдасқан іс-шарасы болып өтті. Іс-шара 10-сынып оқушыларының дайындаған "Алаш арыстары" атты қойылымымен басталып, ұстаздардың хорымен аяқталды. Əн айтылып, күй шертілді. Барлығымызға Тəуелсіздік мерекесі құтты болсын! Аспанымыз ашық, ел іргесі аман болсын!

«Тәуелсіз елім- тірегім» тәрбие сағаты
2017 жылдың 15 желтоқсаны күні 1-11 сынып оқушыларына «Тәуелсіз елім- тірегім» атты тәрбие сағаттары өтілді. Тәрбие сағаттардың мақсаты шәкірттеріміздің бойында ұлтжандылық пен патриоттық бағыттың аса зор қасиеттің болуын көздейді. Тәуелсіздік – бабалар аңсауы, ұрпақтың қолы жеткен киелі кезең. Тәуелсіздік – таңбасы таста, қаны қара жердің тамырында жатқан құдіретті сөз. Еліміз тәуелсіздіктің бесігінде тербелгелі 26 жыл. Жиырма бес жыл ішінде Қазақстан етек-жеңін жиып, шекарасын бекітіп, өз алдына дербес зайырлы ел болды. Бұл атадан келе жатқан ұлы жеңістің жемісі. 1991 жылы 16 желтоқсанда егемендігін алған еліміздің өз президенті, ұлты мен ұлысы, салты мен дәстүрі, мәдениеті мен экономикасы болды. Желтоқсанның желі мен ызғарына қарсы тұрған жастардың жалынды рухы мен ерліктерінің арқасында шаңырағы биік, керегесі кең мемлекет болып қалыптастық.

16 – желтоқсан тәуелсіздік күні қарсаңында «Жасай бер, Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбында өлең байқауы өткізілді. Нәтижелері төмендегідей. Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Қаламдарыңыз мұқалмасын. 1-4 сыныптар арасында (өлең) 1 орын – Мақан Зере – 1А 2 орын – Досқазиев Амир – 2А 1 орын – «Мой Казахстан» Ткаченко Кирилл 1В 2 орын – «Родная страна» Жумагазы Айша 3Д 1-4 сыныптар арасында (шығарма) 1 орын – Қайнарқызы Аида – 3А 2 орын – Шаханбай Назерке – 2А 3 орын – Салимов Саян – 2А 5-7 сыныптар арасында (өлең) І орын – Асқарова Камила – 5Ә ІІ орын – Темирбулатова Дильназ – 8А ІІІ орын – Мырзабек Камила – 7Ә І орын – «Мой Казахстан» - Идрисова Айым 5В ІІ орын – «Казахстан – большая страна» - Борзых Татьяна 7В «Мой Казахстан» - Исаева Вера – 6В ІІІ орын – «Посвящение Астане» - Александрова Ангелина 7Б «И летят над миром слова» - Закусина Елизавета 5Д 9-11 сыныптар арасында (өлең) ІІ орын – Буланбай Сабина – 9А І место – «Цветок Евразии» - Айткожин Аксултан – 10Б 5-11 сыныптар арасында (шығарма) 1 орын – Мұрат Назым – 8Ә 1 орын – Зайтаева Баянсұлу – 7А 2 орын – Дулбай Әділхан – 6А 2 орын – Шаханова Лаура – 8Б 3 орын – Ужакина Маргарита – 5Г 3 орын – Тұрсынбай Дилнур – 9Ә 1 орын – Кудабаева Айдана – 6Д 2 орын – Гущина Валерия -6Б 3 орын – Бейсекова Анель 5Е Хасанова Дарья 6Д 1 орын – Цой Тимур – 9Г 2 орын – Толомасова Дарья -10В Созонович Алена – 10Б 3 орын – Татаринова Варвара – 9В
Тәуелсіздік күні қарсаңында 1-4 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан сайыс өтті. Сайыс нәтижесі төменгідей: І орын: Капенова Камила 1 «А» сынып Қожахметова Медина 1 «Ә» сыныбы Бекім Мерей 2 «А» сынып Ли Диана 2 «Ә» сынып Абдылдабек Нұрай 3 «А» сынып Мұхтар Еңлік 3 «Ә» сынып Дауылбай Амина 4 «Ә» сынып ІІ орын: Жуматаева Сабина 1 «А» сынып Алтынбек Әмина 1 «Ә» сынып Жомарт Айзере 2 «Ә» сынып Қорғасбек Айза 3 «А» сынып Амангелді Мерей 3 «А» сынып Мақан Іңкәр 3 «Ә» сынып Іңкәрбай Әбілмансұр 3 «Ә» сынып Сейткамал Аружан 4 «Ә» сынып Белсенділік танытқаны үшін: Балтабек Дильназ 2 «А» сынып Жакайым Ернұр 3 «А» сынып
2017 жылы 14 желтоқсанда Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде №48 мектеп-лицейімен бірлескен Алаш автономиясының 100 жылдығына арналған дәстүрлі «Ахмет Байтұрсынұлы оқулары» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өтті. Конференцияда Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ проректоры, ҚР ҰҒА академигі, ф.ғ.д., профессор Дихан Қамзабекұлы, №48 мектеп-лицей директоры Садыкова Зауре Жақанқызы, филология ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың доценті, Ахмет Байтұрсынұлы музей-үйінің директоры Имахамбет Райхан Сахыбекқызы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Түркітану және алтайтану ғылыми зерттеу орталығының директоры Қаржаубай Сартқожаұлы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрысбек Рахымжан, «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры Жүсіп Сұлтанхан Аққұлұлы, филология ғылымдарының докторы, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Бекжан Әбдуәлиұлы сонымен қатар, Түркия Денизли қаласынан профессор, доктор, Памуккале университеті қазіргі түркі тілдері және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Бирай Негиз он-лайн режиміне қосылып, баяндама оқыды.

Мектебімізде Тәуелсіздік күніне орай «Тәуелсіздік шежіресі» атты тарихи сахналық қойылым ұйымдастырылды. Қазақ халқының басынан кешкен қиын-қыстау заманнан бастап, бүгінгі күнге дейінгі аралықты қамтыған қойылым көрермендерге ерекше әсер етті. Негізгі рөлдерді жоғары сынып оқушылары сомдады. Іс-шара барысында өнерпаз оқушыларымыз би билеп, патриоттық әндер орындап, жиналған қауымның көңілінен шықты.

Астана қаласы Білім басқармасының қолдауымен 2017 жылы 15 желтоқсан айының сағат 11:00-де №18 орта мектебінде жасөспірімдер арасында жазба- ақындарды анықтау. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын насихаттау, мектеп арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту және сол арқылы қазақ поэзиясының дамуына үлес қосу, жас таланттар мен дарынды ақындарды ынталандыру масатында «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты» атты қалалық ақындар мүшәйрасы өтті.

Мүшәйра тақырыптары:

1) «Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты»

2) Елорданың 20 жылдығына арналған «Өз Астанам –өз ордам»

3) Алаштың 100 жылдығына орай «Алаш арманы – тәуелсіз қазақ елі»

Қазан айының 23 мен қараша айының 23 аралығында №84 мектеп-лицейінің 2-4 сынып оқушылары арасында «Үздік оқырман» шеруі өтті. Оқушыларды кітап оқуға, әдеби тілде сөйлеуге жетелеп, тіл байлықтарын арттыру мақсатында өткізілген шеру 23-қараша аяқталып, параллель сыныптардағы ең көп оқыған сыныптар мен оқырмандар бойынша ең үздіктер анықталып, 3-желтоқсан күні салтанатты түрде қортындыланды. Оқырмандар кітаптарды оқып қана қоймай, өздерінің сүйікті ертегілерінен қойылым көрсетіп, достарымен бөлісу мақсатында кітаптарын көрмеге қойып, өз әсерлерімен бөлісті.
Шеру қортындысы бойынша 2 сыныптарда барлығы - 295 оқушы, 3 сыныптарда – 232 оқушы, 4 сыныптарда – 183 оқушы белсенділік танытқан. Аталмыш оқырмандар арасынан ең көп оқып, үздік болған 69 оқушы марапатталды. Бұл шеру бастауыш сыныптар апталығымен тұспа-тұс келіп, айрықша іс шара ретінде оқушылар мен ата-аналарға үлкен әсер қалдырды.

Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күніне орай концерт ұйымдастырылды. Мерекелік іс-шараға Қазақстан Республикасының Парламенті мәжілісінің экс депутаты - Бимендина Асима Тимкеновна құрметті қонақ ретінде қатысып, өзінің жылы лебізін білдіріп, мерекемен құттықтады. Көрермен ретінде қатысқан ата-аналар да мектеп ұжымы мен оқушыларды құттықтап, алғыстарын білдірді. Концерттік бағдарламада әр түрлі жастағы оқушылар өз өнерлері арқылы еліне деген сүйіспеншіліктерін таныта білді. Салтанат залында Тәуелсіздік мерекесіне орай ұйымдастырылған коцерт жас ұрпақтың бойындағы өз Отанына деген құрмет пен сүйіспеншілікті арттыра түсті.

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны