Жаңартылған білім мазмұнына байланысты
тәжірибе алмасу семинары
Семинардың мақсаты: күнделікті сабақта оқушылардан кері байланыс алудың маңыздылығы туралы желілік қауымдастық мектептерімен тәжірибе алмасу
2018 жылдың 8-9 ақпан күндері №8 орта мектепте 5-7 сынып оқушылары арасында физика, математика, география, бастауыш сынып, көркем еңбек, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, музыка пәндерінен мектеп мұғалімдері ашық сабақтар өткізді. Семинарды өткізу жауапкершілігі директордың оқу ісі орынбасарлары А.К.Алимкулова мен А.К.Боранбаеваға жүктелді.
Жаңартылған білім мазмұны аясында өткізілген семинар барысында желілік қоғамдастық кластеріне топталған №49 , №34 мектеп мұғалімдері мен қоса Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тренерлері К.А.Кузенбаева мен А.А.Алданыш қатысты. Өткізілген сабақтарға кері байланыстар жасалды.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны