Бүгін 22 ақпан күні Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде "Діни экстремизмнің алдын алу" мақсатында Әзірет сұлтан мешітінің наиб имамы Өткелбаев Бақытжан Мүфтіәділұлымен кездесу болып өтті. Кездесуге мектебіміздің 9-10 сыныптары қатысты. Теріс жолда жүріп қателескен адамдардың өмірінен үзінді бейнебаяндар көрсетіліп, Өткелбаев Бақытжан имамның аузынан тәлім-тәрбиеге толы әңгіме тыңдалды. Таза да адал жолдан таймаған бабалар жолы бүгінгі ұрпаққа үлгі етерлік іс болмақ деген ойлармен кездесуіміз өз жұмысын аяқтады.

Астана қаласындағы №84 мектеп- лицейінде ағымдағы жылдың 22 ақпан күні «Ертегілер еліне саяхат» атты ата-аналар сағаты өтті. Мақсаты: ата-аналарды оқу –тәрбие үрдісіне қатыстыра отырып, оқушыларды кітап оқуға жігерлендіру. Ата-аналардың іс-шараға белсенді қатысулары оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылықтарын арттыра түсті.

№ 84 мектеп-лицейінде ағылшын тілі мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің онкүндігі өтуде. Онкүндік барысында түрлі іс-шаралар өткізіледі. Белсендік танытып, қатысамыз!

Алғыс күні мерекесі қарсыңында № 84 мектеп-лицейінде «БАУЫРСАҚ МЕЙРАМЫ» өтті. Бүгін Қазақстан халықтары арасындағы мейірбандықты жалғауды көздеген шара салтанатты түрде ашылып, бірегей жәрменкеге ұласты. Мерекеге қатысқан ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер бір-біріне бауырсақ беріп, алғыс айтты.

Жақында № 84 м-л 11 сынып оқушылары ұстаздарымен ЕҰУ Ашық есік күніне қатысты. Оқушыларға Университет туралы толық мәлімет берілді.

Бүгін 22 ақпан күні Астана қаласы №29 орта мектепте 9-11сынып оқушыларымен бірге «Болашаққа бағдар:Рухани Жаңғыру»Бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің Әлеуметтану кафедрасының аға оқытушылары Р.С.Салықжанов және М.М. Құдабековпен кездесу ұйымдастырылды.Оқытушылар тақырып аясындағы лекциямен қатар,Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауындағы өзекті мәселелер туралы,латын әліпбиі туралы ой бөлісті.Осындай мазмұнды кездесу ұйымдастыруда ұйытқы болып отырған Астана қаласы әкімшілігіне,Білім басқармасына,Еуразия Ұлттық университетіне алғыс білдіреміз!

22.02.2018 ж. күні Астана қаласы №64 мектеп-лицейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Еуразия Ұлттық Университетінің «Археология және этнопедагогика» кафедрасының аға оқытушысы Кенжебек Дүйсебайұлы Жылқыбаевпен кездесу өтті.
12 ақпан күні №3 мектеп – гимназиясының барлық саныптарында «Өзін өзі тану: Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізілді.
20 ақпан күні «Жұлдыздардың жарқырауы» жобасының 5-11 сынып оқушылары арасында финалы өтті. 5 айға жуық созылған жобаға оқушылар қатарынан 80 -ге тарта оқушы қатысуға ниет білдірді. Іріктеу кезеңінен кейін әділ – қазылар алқасы тек 39 үміткердің өнерін жартылай финалға лайық деп тапты. Бәсекесі қайнаған жартылай финалда әділ – қазылар алқасына оңай болған жоқ. Дегенмен, өнері тәнті еткен 18 үздік финалда сайысуға жолдама алған болатын. Сексеннен суырылып шығып, өзінің нағыз жұлдыз екенін дәлелдеген жеңімпаздарымызды шын жүректен құттықтай отырып, ата – аналарына, ұстаздарына, жетекшілеріне мектеп тарапынан алғыс айтамыз. Жеңімпаздарымызға жарқын жеңістерің көп болсын дегіміз келеді. Вокал жанры бойынша № Сыныбы ТАӘ 1. 7 «Б» Пырлик Екатерина Бас жүлде 2. 9 «Д» Тобоев Георгий 1 орын 3. 5 «Е» Альтаева Ажара 2 орын 4. 6 «Е» Владимирова Мария 3 орын 5. 8 «Б» Мартемьянова Элина 3 орын Хореография жанры № Сыныбы ТАӘ 1. 11 «А» Қамбарәлі Әлзина Бас жүлде 2. 9 «А» Тоқпанқызы Томирис 1 орын 3. 8 «Е» Бижанова Марика 2 орын Мәнерлеп оқу бойынша № Сыныбы ТАӘ 1. 11 «А» Тоқан Таир Бас жүлде 2. 6 «А» Даулбай Әділхан 1 орын Инструмендалды орындау бойынша: № Сыныбы ТАӘ 1. 7 «Б» Биллер Андрей Бас жүлде 2. 10 «А» Ерікұлы Ағзам 1 орын 3. 5 «Г» Пузанов Гордей 2 орын 4. 5 «А» Муратова Гульара 3 орын Қазылар алқасының арнайы жүлдесі: № Сыныбы ТАӘ 1. 8 «Д» Саканов Султан 2. 9 «А» Омар Рашида
Ақпанның 21-і күні 9 "В" сынып оқушылары сынып жетекшісі Исаева А.Б. мен бірге "Туран" колледжіне барды. Колледж студенттері қызықты экскурсия жасай отырып, кітапхананы, компьютерлік залды, макеттер көрмесі мен өз қолдарынан салынған туындылармен бөлісті. Сонымен қатар акт залында студенттер тек мамандықтар туралы ғана айтпай, берілген оқу орнында көптеген мәдениетті жұмыстар өткізілетінін және барлығы бір ұғым болып жумыс жасайтынын көрсетті.
9 "В" сынып оқушыларына қатты ұлағалы, колледждің АҚШ, Туркия, Германия, Ресей сияқты елдердің колледждарымен бірлесіп жұмыс жасап, байланыста болуы.
"Туран" колледжіне экскурсия ұйымдастырған № 84 мектеп-лицейінің әкімшілігіне алғысымыз шексіз!

1 ақпанда Астана қаласы Алматы аудандық санитарлық –эпидемиялық орталығының қызметкерлерінің оқу орындарындағы «Салауатты өмір салтын»насихаттау бойынша жоғары сынып оқушыларымен флешмоб өткізілді.Флешмоб өте көңілді күйде өтті.Қонақтарға алғысымызды білдіреміз!

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны