Меню KDT

Новости

Главная Новости

   Қазақ жазба тілінің тарихы «Рухани  жаңғыру» аясында 

       Тіл-тек қана қарым-қатынас құралы ғана емес, мемлекетті, ұлтты танытушы негізгі әрі басты құндылықтардың бірі. Әдетте ұлттық тілдің жазба мәдениетінің қалыптасу тарихы мен әр кезеңдегі даму деңгейлерін саралау, жазба тілдің әліпбиін,графикасын, орфографиясын қарастыру, қоғам талабына сай болуымен қатар қоғамның жалпы мәдениетімен, ағарту білім беру мәселесімен тікелей байланысты екені  белгілі. Осы орайда бүгін, 22.02.2018ж. Төлеген Айбергенов  атындағы №16 орта мектепте «Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  «ҚАЗАҚ  ЖАЗБА ТАРИХЫНА САЯХАТ», «ЭКСКУРС  В  ИСТОРИЮ  КАЗАХСКОЙ  ПИСЬМЕННОСТИ»  тақырыбында  ашық іс-шара өтті.  Бұл іс-шараның мақсаты оқушыларды қазақ  жазба тілінің  тарихымен таныстыру. Тәуелсіз ел ретінде халықаралық қатынас субьектісі болып отырған Қазақстанның ұлттық әліпбиінің жаңа үлгісінің біртіндеп   қолданысқа енетіні туралы түсінік берілді. Қазақ тіліндегі дыбыстар жүйесін арнайы зерттеп, әліпби құрастырған қазақтың алғашқы фонологі-Ахмет Байтұрсынұлының қазақ жазуына қосқан сүбелі үлесі туралы да кеңінен түсіндірілді.   Оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жаңа көшпелі кезеңге дайын  екендіктерін білдірді. Кейбірі, тіпті өз аты-жөндерін латын тілінде жазып, сөздерді оқи алатындықтарын да көрсетті. Іс-шараны дайындаған қазақ тілі пәні мұғалімдері Майканова А.К.,Амиржанова Б.К.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны