ҚАЗАҚСТАН-МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ

«КӨРШІМЕ» КӨМЕК

Адамзат баласының бойындағы ізгі қасиеттердің бірі – айналасына қолынан келгенше көмек беру, игі іс жасау. Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде де осындай игі істер жасау шарасы көктемгі демалысқа жоспарланған болатын. Мақсатымыз, шәкірттерімізге айналаға қайрымдылық жасаудың, кішкентайларға, жақындарымызға мейірімділік көрсетудің қандай бақыт екенін сезіндіру болды.

Қайрымдылық – адам баласының бойындағы баға жетпес құндылық. Осы құндылықты мектеп қабырғасында оқушыға ұғындыру, бойларына сіңіру мұғалімнің құзырындағы дүние. Осы орайда, мектебіміздің білікті ұстазы Сайрина Ардақ Назымбекқызының «Көршіме көмек» тақырыбымен өткізген жұмысы оқушыларының демалыс күндеріндегі әрбір күндерін қалыс жібермегенінің көрінісіндей. Көрші қарияларға дәрі-дәрмегін әкеп беру, дүкеннен нан әкелу, қоқыстарын төгуге жәрдемдесу, өзінен кішілерге көмектесу мақсатындағы үй ішін жинастыру, тазалық жұмысын жүргізу сияқты шаралар әр қыз бала үшін де, ер бала үшін де өмірлік тәжірибе болмақ.

Ең бастысы, осы әркеттерінен балалық жүрек қуаныш сезініп, жасаған қайырымдылықтарынан жан-дүниелері рақат тауып жатса, сол үлкен бақыт болмақ. Жасайтын игі істеріміз көбейе берсін дейміз...

Республикалық «Өркениет» оқырмандар байқауының «Ең қызықты кітап» атты сайысына мектебіміздің 4«Д» сынып оқушысы Бахытжан Аружан қатысып, ойлы оқырман ретінде жақсы нәтиже көрсеткені үшін І дәрежелі дипломмен маратталса, жетекшісі Ибраимова күнқияш Қабылқызы арнайы мақтау қағазымен маратталды. Білімнің қайнар көзінінің қасиетін жете түсінген оқушымызға алдағы уақытта тек биіктен көрінуін ғана тілейміз.

Таяуда Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған білім қызметкерлерінің денсаулық Спартакиадасының шеңберінде волейболдан қалалық жарыс өтті. Жарысқа 65 білім беру мекемелері қатысты. Бір аптаға созылған жарыстың нәтижесінде мектебіміздің мұғалімдері ІІІ орынға ие болды.

5 – 11 сынып оқушыларының дәстүрлі саптүзеуі 19 наурыз күні өтті. Әдеттегідей оқуда, қоғамдық істерде белсенділік танытқан оқушылардың еңбегі еленбей қалмады. 1 – ауысымның рейтингі бойынша әзірге 11 «Б» сыныбын ешкім үздік сапынан қозғай алмады. Ал, 2 ауысымның үздік сыныбы атағы 7 «Б» сыныбына бұйырды. Өз сыныптарында үздік деп келесі оқушылар танылды:

Астананың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында қала мектептерінің арасында көркемөнерпаздар сайысы өтті.

Қарағанды қаласында 30-31 наурызда «RoboLand 2018» IV Халықаралық робототехника, бағдарламалау және инновациялық технологиялар фестивалі өтті. Фестивальге мектебіміздің 6 «А» сынып оқушылары қатысып, «механикалық сумо категориясы» бойынша Есімсейіт Қалдыбек пен Есенғали Диас жүлделі ІІ орынға ие болды. Сонымен қатар «интелектуалды сумо категориясы» бойынша Жанбеков Сәттімбек пен Нұрман Арман жүлделі II орын алды.

Оқушылардың жетекшілері информатика пәнінің мұғалімдері Толқын Жақсылық пен Кенебаева Салтанаттың еңбегі зор.

16 наурыз күні мектебіміздің мәжіліс залында 1-4 сынып оқушылары арасында дәстүрлі 3 тоқсанның қорытындысы бойынша саптүзеу өтті. Саптүзеу барысында оқуда, қоғамдық істерде белсенділік танытқан оқушылар марапатталды. 1 – ауысымның қорытындасы бойынша үздік сынып кубогы 3 «Б» сыныбына табысталса, 2 ауысымның үздік сыныбы атағы 2 «А» сыныбына бұйырды. Өз сыныптарында үздік деп келесі оқушылар танылды:
30 наурыз 2018 жылы күні «Хан шатыр» ОСО Республикалық «Экофест – Вместе ярче!» акциясы аясында «Астана- My Smart City» экологиялық фестиваліне 3-4 сынып оқушылары қатысты.
30.03.2018ж. мектепшілік «Жыл мұғалімі-2018» сайысы өткізілді. Сайысқа 6 мұғалім қатысты.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны