ҚАЗАҚСТАН-МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ «КӨРШІМЕ» КӨМЕК
ҚАЗАҚСТАН-МЕЙІРІМДІЛІК МЕКЕНІ
«КӨРШІМЕ» КӨМЕК
Адамзат баласының бойындағы ізгі қасиеттердің бірі – айналасына қолынан келгенше көмек беру, игі іс жасау. Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектебінде де осындай игі істер жасау шарасы көктемгі демалысқа жоспарланған болатын. Мақсатымыз, шәкірттерімізге айналаға қайрымдылық жасаудың, кішкентайларға, жақындарымызға мейірімділік көрсетудің қандай бақыт екенін сезіндіру болды.
Қайрымдылық – адам баласының бойындағы баға жетпес құндылық. Осы құндылықты мектеп қабырғасында оқушыға ұғындыру, бойларына сіңіру мұғалімнің құзырындағы дүние. Осы орайда, мектебіміздің білікті ұстазы Сайрина Ардақ Назымбекқызының «Көршіме көмек» тақырыбымен өткізген жұмысы оқушыларының демалыс күндеріндегі әрбір күндерін қалыс жібермегенінің көрінісіндей. Көрші қарияларға дәрі-дәрмегін әкеп беру, дүкеннен нан әкелу, қоқыстарын төгуге жәрдемдесу, өзінен кішілерге көмектесу мақсатындағы үй ішін жинастыру, тазалық жұмысын жүргізу сияқты шаралар әр қыз бала үшін де, ер бала үшін де өмірлік тәжірибе болмақ.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии