Меню KDT

Новости

Главная Новости

17.04.2018

Жас жол инспекторларының аудандық сайысы

12 сәуір күні Астана қаласының Ішкі Істер Департаменті Жергілікті Полиция Қызметінің қолдауымен 2018 жылғы аудандық Жас жол инспекторларының сайысы өтті. Сайыста мектебіміздің намысын қорғап, 3 орынға ие болған мектебіміздің жас инспекторларын және жетекшісі Алиакбарова Айгүл Пернебековнаны құттықтаймыз! № Қатысушының аты - жөні 1. Кенесов Асқар 2. Айтқожа Тамерлан 3. Алтынбек Даниал 4. Сайлыбева Мейіржан 5. Ерболат Дария 6. Муслисов Амир 7. Мырзақұл Еңлік 8. Рамазан Темірлан 9. Суханкулов Алихан 10. Тәліп Әбілмансұр

17.04.2018

«Заболевания, передающиеся половым путем» тақырыбында дәріс оқыды

12 сәуір күні Республикалық «Асыл бала» ассоциациясының бағыттауымен «Айя» медициналық орталығының уролог – дәрігері Алкожа Айгерим Тогжановна 10-11 сынып ұлдарына «Заболевания, передающиеся половым путем» тақырыбында дәріс оқыды.

17.04.2018

«Профилактика ранней беременности» тақырыбында 10 – 11 сынып қыздарына дәріс оқыды

12 сәуір күні Республикалық «Асыл бала» ассоциациясының бағыттауымен «Айя» медициналық орталығының гинеколог – дәрігері Харсеева Светлана Хабибуловна «Профилактика ранней беременности» тақырыбында 10 – 11 сынып қыздарына дәріс оқыды.

16.04.2018

Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі

<p>Сәуірдің  9-13   аралығында  1 сыныптардың  «Қалыптастырушы бағалау  күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің  ажырамас бөлігі»   тақырыбында апталық өтті.</p><p>Апталықта 1 сынып мұғалімдері ашық сабақтар өткізіп, әріптестерімен  өз тәжірибелерімен бөлісті. Апталықтың ашылу салтанатында 1   сынып  оқушылары сахналық көрініспен   тәнті етті.</p>

16.04.2018

«Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі»

Сәуірдің 9-14  күні №83 мектеп-гимназиясында «Жаңартылған білім беру мазмұны – болашақтағы сапалы білім кепілі» атты бастауыш сыныптар апталығы өтті.

16.04.2018

8 «Г» сынып оқушысы Текенова Тамиланы құттықтаймыз

11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні өтті. Бейнелеу өнері сайысында мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 8 «Г» сынып оқушысы Текенова Тамиланы және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз! Қаламдарыңыз мұқалмасын!

16.04.2018

10 «В» сынып оқушысы Чуркина Ксенияны құттықтаймыз

11 сәуір күні қалалық «Шаттық - 2018» балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық байқауының үшінші күні қылқалам шеберлері сынға түсті. Сайыста мектебіміздің намысын қорғап, ерекше бейнелеу өнері үшін дипломға ие болған 10 «В» сынып оқушысы Чуркина Ксенияны және жетекшісі Мунайдарова Сауле Кенжебулатовнаны құттықтаймыз!

16.04.2018

ҰБТ-2018

<div style="text-align:justify;">Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектеп бітіруші түлектер ҰБТ-ны жаңа форматта тапсырады. Осы бойынша 2018 жылдың 13 сәуірінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері мен ата-аналарының қатысуымен мектебіміздің мәжіліс залында жиналыс өткізілді. Жиналысты мектеп әкімшілігі өткізіп, ата-аналар мен оқушылар тарапынан қойылған барлық сұрақтарға жауап беріп, «Алтын белгі» үміткерлерінің де басқа оқушылармен тең дәрежеде ҰБТ тапсыратынын ескертті. Сөз соңында мектеп әкімшілігі түлектерге ақ жол, сәт-сапар тіледі.</div>

14.04.2018

АШЫҚ ЕСІК КҮНІ. АТА-АНАЛАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ

Бүгін 14 сәуір күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде сағат 9.30-дан бастап ата-аналар "Ашық есік күніне" жиналды. Алғашқы қырық минут бойы мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің оқу-тәрбие процесі мен жалпы жағдайы, соңғы жылдардағы жетістіктері туралы есеп берді. Осыдан соң мектептің үш бірдей спорт залында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жарты сағат сынып жетекшілерімен кездесіп, сыныпішілік мәселелердің басы шешілді. Сол сияқты мектептің мұражайына, кітапxанасына, роботеxника, компьютерлік кабинеттерге, "Руxани жаңғыру" аясында ұйымдастырылған көрмеге саяxат жасалып, соңы мектептің педагогикалық ұжымынан құрылған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ата-аналардың педагогикалық ұжымға деген шексіз алғыстары мен ыстық ықыластарын байқадық, сезіндік. "Мұғалімді тағы бір ерекше қырынан көре алдық" деген ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын оята алдық деген сенімдеміз!


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны