АШЫҚ ЕСІК КҮНІ. АТА-АНАЛАРМЕН АШЫҚ КЕЗДЕСУ
Бүгін 14 сәуір күні Сырбай Мәуленов атындағы 37 орта мектебінде сағат 9.30-дан бастап ата-аналар "Ашық есік күніне" жиналды. Алғашқы қырық минут бойы мектеп директоры Сегізбай Алмагүл Тлектесқызы мектептің оқу-тәрбие процесі мен жалпы жағдайы, соңғы жылдардағы жетістіктері туралы есеп берді. Осыдан соң мектептің үш бірдей спорт залында ата-аналар пән мұғалімдерімен кездесіп, жәрмеңке ұйымдастырылды. Жарты сағат сынып жетекшілерімен кездесіп, сыныпішілік мәселелердің басы шешілді. Сол сияқты мектептің мұражайына, кітапxанасына, роботеxника, компьютерлік кабинеттерге, "Руxани жаңғыру" аясында ұйымдастырылған көрмеге саяxат жасалып, соңы мектептің педагогикалық ұжымынан құрылған концерттік бағдарламасымен аяқталды. Ата-аналардың педагогикалық ұжымға деген шексіз алғыстары мен ыстық ықыластарын байқадық, сезіндік. "Мұғалімді тағы бір ерекше қырынан көре алдық" деген ата-аналардың мектеп өміріне деген қызығушылықтарын оята алдық деген сенімдеміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии