Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің жас мамандары, бастауыш сынып мұғалімдері Ашимова Аида Асхатқызы мен Кунакова Орынбасар Сагиқызы 1-сынып оқушыларымен «Жол жүру ережелері» бұрышына саяхат сабағын жүргізді.
"Балалар жол көлік апатына қарсы!" атты қалалық акциясында Астана қаласы №38 мектеп-лицейінің 6 «Ә» сынып оқушылары сынып жетекшісі М.Ахметовамен «Біз өмірге сенеміз!» тақырыбында бейнеролик түсірді.
Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің "Балалар жол көлік апатына қарсы!" акциясы барысында 5 "В" сынып оқушыларылары, жетекшісі Қамар Нұрланқызымен бірге «Жүргізуші менің өмірімді сақта!» деп аталатын шара өткізді.
Астана қаласы №38 мектеп-лицейдің 6 «Б» сынып оқушылары сынып жетекшісі Ш.Рахлетова және мектеп инспекторы Д.Рамазановпен «Жүргізуші! Асықпа! Абайла! Тоқта!» және "Сіз де ата-анасыз ғой!" деген ұранмен лозунглер ұстап, жаяу жүргіншілерге арналған жолдан өтіп, жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жолда жүргенде абай болуға шақырды.

№38 мектеп лицейінде 1,2 қазан күні «Балалар жол көлік апатына қарсы!» акциясына байланысты директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары А.Сагитованың жетекшілігімен жоспар құрылып, әр шараның мақсат міндеттері анықталды. Акцияға барлық сыныптар жұмылдырылып, белсене қатысты.

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СЕМИНАР. ГЕРМАНИЯ ФЕДЕРАТИВТІК РЕСПУБЛИКАСЫМЕН тәжірибе алмасу.

Астана қаласы Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте экологиялық білім берудің мүмкіндіктері жылдан-жылға жоғарылап келеді. Бүгін, 2 қазан күні мектебімізде аталмыш тақырыпта Халықаралық деңгейде семинар өткізіліп, оған Германия Федеративтік Республикасынан оннан астам қонақ қатысты. Семинардың ашылуында директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары З. Алимова семинар маңызы, жалпы экологиялық білім маңызы туралы қысқаша түсіндіре келіп, сәттілік тіледі.

Семинар барысында «Екінші шикізатты қайта өңдеу», «Put it in the bin!», «Қоқыс үшін екінші өмір!», «Қалдықтан – пайда!» тақырыптарына шебер-сыныптар мен әдістемелік қорлар, квест-ойындар өткізілді. "Жанды фотосурет» жобасын презентациялап, Мәуленов мұражайына саяxат жасалды.

Семинар соңы рефлексияға ұласып, неміс xалқының шынайы пікірі мен алғысына бөлендік. Ең бастысы, өзге елмен тәжірибе алмаса отырып, мәдениетімен, халықтың өзімен, сөзімен, елге, жерге деген өзіндік пікірлерімен, табиғатты сақтауға деген көзқарастарымен қоса таныстық. Семинар мазмұнды да жан-жақты ұйымдастырылған, сапалы да салмақты ой тастайтын жұмыс ретінде бағаланды.

Ел мен елдің арасындағы мұндай кездесулер мен бірлескен жұмыстар тек ел игілігі үшін жасала бергей дейміз...

Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында 1 қазан Қарттар күніне орай сыныптарда "Қарттарым, аман-сау жүрші" атты тәрбие сағаттары өткізіліп, тәлім-тәрбиесі мол бейнероликтер көрсетілді. 6-сынып оқушылары сынып жетекшілерімен мектеп маңайындағы қарт ата- әжелеріміздің үйіне барып, үй жұмыстарына көмектесіп, ауласын жинауға қолғабыс етті. "Қарты бар үйдің қазынасы бар"дейді дана халқымыз. Бұл сөзде үлкен мән жатыр...Үлкендерді сыйлап үлгі көрсетсек, оқушыға бұл үлкен тәрбие болмақ

Бүгін Астана қаласы #74 мектеп-гимназиясында "Кәмелеттік жасқа толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында 8,9,10,11-сынып оқушыларына "Құқық" қоғамдық қорының заңгері Ислам Тәуекеловтың қатысуымен түсіндірме жұмысы өткізілді. Оқушылар сұрақтарына заңгер тарапынан нақты жауаптар алды.

ҚАРТТАРЫМ – АСЫЛ ҚАЗЫНАМ...

Бүгін, 1 қазан – Қарттар күні. Көңілдері дәрия, пейілдері көл-көсір қарттарымыз азаймасын деген ниетпен, Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Қарттарым – асыл қазынам» тақырыбымен мерекелік концерт өткізілді. Мектеп аймағында жақын тұратын сегіз әжеміз қонақта болып, балалардың таза көңілінен шыққан өлең жолдарын тыңдады. Қарияларымызға арналған ән мен биден шашу шашылды. Әсіресе, 9 «Б» сынып оқушысының оқыған «Қарттарды сыйла» өлеңі жанды тебірентіп, жүрекке біраз із қалдырды, ортамызда отырған қарт-аналарымыздың да, жалпы көрерменнің де жанарына тамшы ұялатты. Ең бастысы, асыл қазынамыз – әжелеріміз бен аталарымызға құрмет көрсетер осы бір атаулы мереке мазмұнды да әсерлі, ұрпақ тәрбиесі үшін маңызды да пайдалы өтті.

Қазыналы қарттарымызға деген мейірім мен шапағат ортаймасын дейік...

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Астана қаласы бойынша ПҚ БАИ РАББ тренері Г.К.Даулетбаева тыңдаушыларымен бірге «Өзін-өзі тану» пәнін оқытудың ғылыми-әдіснамалық негіздері курс аясында ашық сабақтарға қатысты.
№15 мектеп-лицейінде «Құрметтейік, қарттарды!» атты іс-шара өткізілді.
1 қазан - Халықаралық қарттар күні. Қарттар - біздің асыл қазынамыз. Осы мерекеге орай Ғали Орманов атындағы №7 мектеп-гимназия қабырғасында "Қарттарым - асыл қазынам" атты салтанатты кездесу кеші өтті. Салтанатты кештің ашылу ДҒӘЖ орынбасары Бозкенова Б.А., ДТІЖ орынбасары Молдатаева А.Б. сөздерімен басталып, оқушылардың дайындықтарымен концерт көрсетілді.
Қонаққа келген ардагерлер:
Савицкий А.Н.
Ковалева М.И.
Ратникова Г.И.
Клавдиева Н.Я.
Карашлокова Ы.
Мусина В.А.
Лысенко В.С.
Лысенко Л.А.
Иманбекова Р.
Волошина В.Н.
Концерттен кейін естелік суретке түсіріліп, дастарқан басына шақырылды.
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны