Латын әліпбиіне негізделген Жалпыхалықтық диктантқа дайындық
Астананың барлық білім ошақтарының қазақ тілі мамандары Астана қаласы «Тілдерді дамыту және архив ісі» Басқармасының ұйымдастыруымен «Көпбейінді колледжінде»МКҚК 14 қараша күні өтетін жалпыхалықтық латын әліпбиіне негізделген диктант жазуына байланысты бас қосты. Шара барысында Ш.Шаяхметов атындағы « Тіл –Қазына» ғылыми –практикалық орталығының ғылыми жетекші қызметкері Хабиева Алмагүл Алтайқызы жаңа әліпбиі негізіндегі қазақ тілі емле ережелерімен таныстырып өтті. Сонымен қатар, емле ережелерін талдау барысында туындайтын кейбір кирилл әріптері мен шеттілділік сөздердің емлесіне мысал келтіре отырып, халыққа түсіндіру жұмысының дұрыс жүргізілуін басты назарға алуын ұсынды. Мектеп, колледж, балабақша оқытушылары тарапынан кейбір дыбыстар мен әріптің орфогафиялық және орфоэпиялық емлеге сай қолданыста өзгеруіне байланысты сұрақтар туындап, өзара жауап алмасу арқылы ортаға салды. Бұл бас қосудың басты мәселесі –ел үкіметінің ұсынуымен өтетін жалпыхалықтық диктанттың сапалы және сауатты өтуіне тіл мамандарының тиімді жұмыс жүргізуі мен түсіндіруінің ықпалы зор екені аталып өтті.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии