Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Ұлы даланың дара ұстазы.

«Ұлы даланың дара ұстазы» атты

 Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығына орай өткізген  іс – шара

Бесінші сыныптар арасында  «Кел, балалар, оқылық!» атты тәрбие сағаты өткізілді.

Іс-шараның алдына қойған мақсаты: Қазақтың көрнекті ақынжазушысы Ы.Алтынсариннің өмірімен, оның шығармаларымен жақынырақ танысу. Өлеңдері, әңгімелерімен таныса отырып оқушыларды Ұлы тарихи тұлғаны есте сақтауға, құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін арттыру.

Осы шарада оқушылар қазақ халқының болашақ тағдырын орыс мәдениетімен бірлікте алып қараған Шоқан, Абай және Ыбырай секілді ұлы ағартушы-демократтар тарихымызда өшпестей із қалдырды. Осы орайда Ыбырай Алтынсариннің қосқан үлесі мен еңбегі орасан зор. Ол мәдениет пен білімнен артта қалған ел-жұртын көрші елдің өнер-білімін, техникасын игеруге шақырып қана қоймай, сол игі істі тікелей жүзеге асыруға да өлшеусіз үлес қосты.Қазақ даласында тұңғыш рет орыс үлгісіндегі пәндік білім беретін мектептер ашып, оған орыс алфавиті негізінде оқулықтар жазды,  өзі сабақ беріп, жаңа  талапқа сай келетін мұғалімдер даярлауға күш салды...

Тәрбие  сабақ  барысында әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, сұрақтарға дұрыс жауап берілді. Оқушылар белсенді қатысып,  өз ойларын толық жеткізе білді, өз білімдерін жетілдірді. Тәрбие сабақ алдына қойған мақсатына жетті.

 Тәрбие сағатын өткізген қазақ тілі пәнінің мұғалімдері: Адильгазинова А.Р,

Нурова М.К.

 
 


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное