Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

«Ана – сая болар бағың болса, Әке - асқар тауың» дейді халқымыз, бүгінгі кешімізде әке туралы ой қозғалады. Әр шаңырақта әкенің орны ерекше. Әке шаңырақтың тірегі. Әке – отбасының асыраушысы, отбасы мүшелерінің тірегі, қамқоршысы. Әкенің мінез – құлқы, өзгелермен қарым – қатынасы, өнері мен білімі – баланың көз алдындағы үлгі, өнеге алатын, оған қарап өсетін нысанасы. Отбасының пейіл – береке, ынтымағы үшін отағасының әділ, ұстамды болуы орасан маңызға ие. Оның тәрбиелік рөлі де зор. «Әке – асқар тау», «Әке – балаға сыншы» дейді халқымыз. Ер бала әкесімен сырлас, жолдас, дос. Ол әрқашан бір әрекет жасау үшін әуелі әкесімен сырласады. Ер баланың өсіп, жетіліп, өз алдына жеке тұлға болып қалыптасуына, қоғамдағы өз орнын дұрыс табуына әкенің атқарар еңбегі ерекше. Қазақ халқында «Бір бала бар – атадан өте туады, бір бала бар – кері кете туады» деген тұжырымға, баланың қандай болмағына негіз қалайтын да әкенің өзі. Астана қаласы №10 мектеп - гимназия білім ошағында Әке - шаңырақтыі тірегі атты мектептер арасында әкелер сайысы аталып өтті. Сайысты ұйымдастырушалар №10 мектеп-гимназия әкімшілігі. Сайысқа Алматы ауданы мектептері қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша №52 мектеп-гимназиясы жеңімпаз атанды.

  


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное