Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Әлемдік тіл-бүгінгі білім кеңістігінде

«Әлемдік тіл-бүгінгі білім кеңістігінде» тақырыбында өткен семинар жоғары дәрежеде өтті. Семинарға Татарстаннан келген 16 педагог тәжірибе алмасу мақсатында қатысты.
Мақсаты: Көптілді білім беретін мамандандырылған гимназияның іс-тәжірибесімен таныстыру
Міндеттер:
1. Қазақстан Республикасындағы білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында 2- сыныптардың оқу мақсаттарымен танысу;
2. Ағылшын тілін шет елдік тіл қолданушылармен бірге кіріктірілген сабақ тәжірибесімен салыстыру;
3. CLIL бойынша жаратылыстану- математикалық бағыттағы пәндерді ағылшын тілінде өткізу тәжірибесін қолдану 
Алдымен, ҚР білім мазмұнын жаңарту бағдарламасы аясында 2- сыныптардың сабағына , одан кейін ағылшын тілін шетелдік мұғалімдермен бірге өткізген ағылшын тілі сабақтарына және CLIL әдісі бойынша химия, физика, биология ағылшын тілінде сабақтарына қатысты. Рефлексия жасалып, соңында концерттік шағын бағдарламамаен аяқталды.Екі жақты қызу талқылаулар мен білім саласына қатысты сұрақтарға толы кездесу болды.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное