Құрметті ата-аналар!
ссылка на формат PSD - https://yadi.sk/i/vT-zTVS53MaPFE
сслыка на формат JPEG - https://yadi.sk/d/cg-0JfZc3MaQPF
сслыка на формат CDR - https://yadi.sk/d/K3u2oCRi3MaRQe
Төменде Астана қаласында орта білім беру ұйымдарындағы міндетті мектеп формасына қойылатын бірыңғай талаптар туралы ақпарат берілген.
Ескерту: бірінші сыныпқа баратын оқушыларға қара-көк түсті форма алынады. Ал басқа сыныптарда оқитын балалар бүгінгі таңдағы бар формасын киіп, ол форма тозғаннан соң осы қара-көк түсте форма сатып алынуы керек. Яғни, мектеп формасын кезең-кезеңмен біркелкі қара-көк үлгіге сай келтіру жоспарланып отыр.
пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.Кемінде жейде, жилет пен шалбар талап етіледі.
пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водолазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады, юбка ұзындығы тізеден 5 см-ден жоғары емес.
Сіз қалауыңыз бойынша форма жеткізушісін таңдай аласыздар. Бастысы - Сіз алған мектеп формасы жоғарыда келтірілген шарттар мен талаптарға сай болуы тиіс.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт
Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны
Профессиональное сообщество учителей школы-гимназии №30 "Флагман"