Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"Болашаққа нық қадам" 9 сынып оқушыларының аттестат алу кеші

№55 орта мектепте 9 сынып оқушыларының аттестат алу кеші өткізілді. Мектеп директоры Жанат Талғатқызы мектеп бітіруші түлектеріне арнаған құттықтауымен бастап, мектеп бітіруші түлектердің армандарына  қанат бітіріп, көңілдеріне  шаттық сыйлады. Түлектерге «Алтын белгі» мен «Үздік аттестаты» тапсырылып, қадамдарына сәттілік тіледі. Ел тарихында ерекше орын алатын «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуымен қатар келген  қуанышты күнде алған құжаттары мәңгілік тарихи  естелік екендігін  атап өтті. Жүздері  бал-бұл жанған  түлектер қуанышында  шек  болмады. Мектеп басшысы биылғы бітіруші түлектердің  ата-аналарына жыл бойы мектеп тынысымен тығыз байланыста болып,  қоғамдық шаралар белсендісі болғандығы үшін  арнайы үлгідегі  Алғыс хатты табыстады. Ата-аналар атынан  Тәжімбетов А.  жүрек  жарды лебізін білдіре келе, ақ батасын берді.Болашақа нық қадам дей отырып мектеп бітіруші түлектерге ақ жол тілейміз!

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное