Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

ҚР ЖАЛПЫ ОРТА БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕП БАСШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТӘЖИРИБЕ АЛМАСУ СЕМИНАРЫ МАТЕРИАЛДАРЫНЫҢ ЖИНАҒЫ

Сәуірдің 14-і күні Астана қаласы әкімдігінің «№ 23 орта мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде ҚР жалпы орта білім беру мектеп басшыларына арналған республикалық тәжірибе алмасу семинары өткізілді. Семинарға «НЗМ» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әдістемелік жұмыс бөлімінің аға тренері Төлеген Хакімұлы Нөгербаев жетекшілік етті. Семинарға қатысушылар: республикамыздың әр өңірінен біліктілік арттыруға жиналған жалпы орта білім беретін мектеп басшылары және мектебіміздің деңгейлік курстардан өткен мұғалімдерінен құрылған желілік қауымдастық. Семинардың мақсаты: оқыту мен оқу тәжірибесіне жаңа тәсілдерді енгізудің жолдары мен олардың нәтижелерін талдау. Мектепте мұғалімдердің кәсіби дамуын басқару жолдарын моделдеу. Семинар мектеп директоры Б.М.Мухамедиевтің кіріспе сөзімен басталды. Ол семинарға қатысушыларды мұғалімнің кәсіби құзыреттілігін көтеру бойынша атқарылып жатқан мектептің жұмыс жүйесімен таныстырды. Аталған іс-шара шеңберінде семинарға қатысушылар «Тиімді оқыту» деңгейі бойынша сертификатталған мұғалімдердің сабақтарына қатысып, олардың сабақ үрдісінде қолданып жүрген жаңа әдіс-тәсілдерімен танысты. Сонымен қатар, 1-сыныптардың сабақтарына қатысып, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша енгізіліп жатқан жаңа қадамдар, критериалды бағалау туралы пікірлермен бөлісті. Семинарға қатысушылар 2-деңгейлік курсты жуырда оқып келген мұғалім А.Ө.Қосанованың тәлімгерлік іс-тәжірибе шеңберінде өткізген алғашқы тренингіне жоғары баға берді.
Мектепте білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан қосымша білім беру нәтижелерінің мониторингі интербелсенді тақтада жарияланып, оқушылардың сурет және қолөнер шығармашылығы қөрмесі ұйымдастырылды, қалалық, республикалық деңгейдегі өнер сайыстары жүлдегерлерінің концерті көрсетілді. 
 Семинардың екінші бөлімінде ПШО әдістемелік жұмыс бөлімінің аға тренері Т.Х.Нөгербаев «Мектепте коучинг пен тәлімгерлік үдерістерін енгізуді басқару» тақырыбында оқыту семинарын өткізді.Практикалық жұмыс барысында мектептегі практика кезеңінде жүргізілген коучинг пен тәлімгерлік жоспарының сапасын бағалау бойынша қатысушылар өзара тәжірибе алмасты. Бір сөзбен айтқанда, республикалық тәжірибе алмасу семинары өте жоғары ғылыми-әдістемелік деңгейде өтті. Республикалық жалпы орта білім беретін мектеп басшылдарына арналған біліктілік арттыру курсының тыңдаушылары № 23 орта мектеп педагогикалық ұжымының оқыту мен оқуды жақсартудағы жаңа қадамдары: өзгерістер мен нәтижелерге жақсы баға беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Б.А.Қабланбекова - директордың ҒӘЖ жөніндегі орынбасары

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное