Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Әдеби – музыкалық композиция

Астана қаласының № 23 орта мектебінде қараша-желтоқсан айларында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдық мерекесі шеңберінде «Тәуелсіздікке – жұлдызды 25 іс-шара» айдарымен әртүрлі форматтағы тәрбиелік, әлеуметтік, танымдық іс-шаралар топтамасы өткізілуде. Мақсаты – ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың кемел саясаты мен қасиетті Тәуелсіздік арқасында еліміздің жеткен жетістіктері мен табыстарын насихаттау, «Мәңгілік Ел» идеясын ілгерілету, Отанға деген мақтаныш сезімін ояту. Бастауыш сынып мұғалімі Анар Өмірбекқызы жетекшілік ететін 4 сынып оқушылары дайындаған «25 жыл Тәуелсіздігім –Елбасыммен бірге» атты мереке, қазақ тілі және әдебиеті мұғалімі Гүлбану Амантайқызы, кітапханашы Әмина Қазбекқызы, өзін өзі тану пәні мұғалімі Алтын Далабаева бірлесіп өткізген «Тәуелсіздік таңы» атты әдеби-музыкалық кеш өте әсерлі өтті. Аталған іс-шараға 5-6 сынып оқушылары белсенді қатысты. Бастауыш сыныптарда денешынықтыру мұғалімі Ағабеков Қанатбек Тұрсынбекұлы отбасылық жарыстар ұйымдастырып өткізді. Тәуелсіздіктің мерейтойына арналған іс-шаралар легі жалғасуда.


Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное