Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Наурыз мерекесі біздің балабақшамызда!

Балабақшада тәрбиешілерге, педагог-мамандарына шығармашылығы мен жекелігін көрсетуге мүмкіндік берген Наурыз мейрамын өткізу шараларының жоспары әзірленді.  Балалармен атқарылатын оқу-тәрбие жұмысының циклограммасында жоспарланған бүкіл шаралар бейнеленген. Балабақшада, жас шамасы бойынша барлық топтарда жоспарланған шаралар жөніндегі ақпараты орналастырылған ақпарттық-құттықтау жылжымалы-папкалары ресімделген.
Балабақшада келесі шаралар өткізілді:
  • «Наурызға арналған көктемгі гүл шоғы» шығармашылықбұйымдардың көрмесі
  • «Бізге Наурыз келді!» балалар суретінің көрмесі
  • «Наурыз мейрамын қарсы аламыз!» мерекелік ертеңгіліктер. Балалар қазақ, орыс тілінде өлең айтып, би биледі; мәнерлеп тақпақ айтты, «Қамажай», «Жігіттер» биін биледі; «Бәйтерек», «Тақия», «Қыз қуу» ұлттық ойындарын ойнады
     Ертеңгілікте тосын сый кезеңдері қолданылды: қонаққа Көктем аруы, Батыр, Әже келді.
                
 
      Ертеңгіліктерде балаларға арналған «Бесікке салу» қазақ ұлттық әдет-ғұрпы көрсетілді.
        
     «Алматы» ауданы әкімдігімен ұйымдастырылған, қалалық Жастар алаңында өткізілген Наурыз мейрамына балабақша қызметкерлері бар ынталарымен қатысты. Тәрбиешілер, педагог-мамандар, тәрбиешінің көмекшілері «Қыз ұзату», «Жар-Жар» қазақ ұлттық салт-дәстүрін көрсетті, өлең айтты, ұлттық билерін биледі, ойындар ойнады. Мереке өте қызықты әрі әсерлі болды.
 
       Наурыз мейрамы күндерінде балабақшада бауырсақ Фестивалі өткізілді. Фестивальге жас шамасы бойынша барлық топтардың тәрбиешілері мен ата-аналары белсенді қатысты. Көрмеге біздің ата-аналар балаларымен  келіп, дәмді бауырсақтан ауыз тиді, рецептілерімен бөлісті, ең бастысы бір-бірін мерекемен құттықтап, біздең байтақ Республикамыздың гүлдене беруін, ашық аспан, бақыт және денсаулық тіледі.
 
 
Дайындаған: әдіскер И.А.Васильева

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное