Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

"Отбасы- бақыт мекені"

ҒафуҚайырбеков атындағы №2  мектеп-гимназиясында

 «Отбасы - бақыт мекені» атты өткен  апталығы бойынша   

АҚПАРАТ

  Ғафу Қайырбеков атындағы № 2 мектеп-гимназиясында 7-13 қыркүйек аралығында жоспарланған мерекелік іс- шаралар өтті.
  7-ші қыркүйек күні мектептің 4-ші  қабатында 1-10 сынып оқушылар арасында «Отбасы-бақыт мекені» атты сурет  байқауы өтті. Акварель, гуашь, карандашпен салған  оқушылардың суреттерінде жанұя ортасындағы жақын адамдардың арасындағы  сүйіспеншілік, қарым-қатынас бар екенін байқауға болады.
Байқауда  жеңімпаз болып шыққан суреттер: «Көңілді отбасы» 6 Г сынып оқушысы Мазур Настяның, 11 Б сынып оқушылары Ещанова М. мен Ахмеджан А. «Біздің бақытты Отбасымыз», Сәкен А.  «Отбасы тірегі бірлікте», «Мен өз анамды сұйемін» Бейсенаев А., Нам С.  «Тәуелсіз ел-бақытты Отбасы» атты суреттері ерекше байқалды.      
10-шы  қыркүйек күні әр сыныпта «Менің бақытты Отбасым», «Моя счастливая семья» атты фото-альбом және коллаж байқаулары өтті.
Оқушылар қызықты коллаждарды өздері жасап, отбасындағы жақын адамдары туралы жүрекке жылы әңгімелер айтып берді. Отбасымен бірге өткізетін көңілді сәттер, дәстүрлі кезеңдер бар екені байқалды.
10-11–ші қыркүйекте ата-аналар мен оқушыларға педагогика-психологиялық кеңес беретін  «Ашық есік» күні ұйымдастырылды.
12 қыркүйек күні мектебіміздің  акт залында «Отбасы-дастарханның басында» атты  музыкалық іс-шараны 4 сынып оқушыларымен ата-аналары бірігіп өткізді. Іс-шараның мақсаты, баламен ата-ананың арасындағы  қарым-қатынасты нығайту, бір бірін түсіну, ұғу. Белсене қатысқан отбасыларынамектеп әкімшілігі атынан ризашылығымызды білдіреміз. Қадыровтар отбасы, Арчвадзе отбасы, Омаржановтар отбасы команда ретінде келесі байқауларға қатысты; «Семейный портрет»,«Счастливый дом», «Богатырская сноровка», «Вдохновение».
11 В,  7 Б, 8Б,4 А, 8В  сынып, оқушыларының дайындаған тақырыптық материалдары өте маңызды болды. Ата-ана жағынан қамқорлық көрген, ананың аяулы алақаның жылуын сезінгендендерін айтып жеткізуге тырысты.
 
 
 
 
 
Орындаған: Кампитова С.К.
50-16-32
 

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное