Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

Новости портала образования

Білім күні

1 қыркүйек – Білім күнін  мерекелеу аясында өткізілген «Мәңгілік ел: бір ел-бір тағдыр»атты  іс-шарасы мектептің мерекеге сай безендірілген спорт алаңында өтті.  Салтанатты жиын сағат 10:00-де басталды.  Іс-шараны мектеп директоры Шаймердинов Гамиль Мағажірұлы өзінің құттықттау сөзімен ашты. Шақырылған қонақтардың атынан  Астана қаласы ІІД аға инспекторы, подполковник Красникова Лариса Викторовна сөз сөйледі. Мектеп табалдырығын еліміздің тағдырына киелі із қалдырған тарихи кезең аясында: Қазақ мемлекеті құрылыуының 550 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Ата Заңымыз Конститутциясының 20 жылдығы мен Қазақстан халқының Ассамблеясының 20 жыл мерекелеріне түспа-түс келіп, білім есігін ашқалы тұрған 1 сынып оқушыларына биылғы мектеп түлектерінің атынан Білім кілті тапсырылды. Алғашқы қоңырау соғу салтанатын 11 сынып оқушысы, мектеп өміріне белсене қатысып, қала көлемінде жетістіктерге жетіп жүрген Лигай Кириллге және 1 сынып оқушысы  Изим Ләйләға берілді.         Сонымен, 1-ші сынып түлектеріне сәттілік тілеп, алғашқы сабақтарына шығарып салдық.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Полезное