! Сегодня
KZ / RU

Астана қаласы Білім Басқармасы МКҚК №43 «Қызғалдақ» балабақшасы

МКҚК №43 «Қызғалдақ» балабақшасының іс - шаралары

Астана қаласы,

2013-2014 оқу жылы

 Жаңа қоғамға лайықты тұлғаны қалыптастыруда. Баланың жас, даму ерекшілігін, айрықша қабілетін ескере отырып, ақыл – ой, еңбек, дене, эстетикалық тәрбие сапасын жақсартуды көздеген мектепке дейінгі бөлімдер, соның ішінде балабақшалардың жұмысын тілге тиек етуге болады.

Қазіргі жаңа әлеуметтік - экономикалық жағдайда мектепке дейінгі кезеңдегі жүйеде жұмыс тәсілдерінің жаңа түрлерін табу, балаларды еңбекке тәрбиелеп, нарықтық қатынас жағдайына бейімдеу талап етіліп отыр.

Осыған орай, балалар мен үлкендер арасындағы қарым-қатынаста ақыл-ой міндеттерін шешу үшін әр түрлі танымдық үрдістерді дамыту үшін ойын әдіс – тәсілдер неғұрлым кеңінен қолданылып келеді. Қазақ халқында «баланы ойын өсіреді» деген даналық сөз бар. Ойын түрлері баланың жас ерекшеліктеріне сай болуы шарт. Айталық, № 43 «Қызғалдақ» балабақшасында балалардың дамуы мен тәрбиелеу процесіне жан – жақты жағдай жасалған. Қазіргі заман талабына сай, ақпараттық технология бойынша интерактивті тақта, DVD, теледидар, сиқырлы қалам, компьютерді үш тілді қатар меңгертуге арналған аудио-видео құрылғыларын кеңінен пайдаланып отыр.

2008-2016 жылдарға арналған «Салауатты өмір салты» бағдарламасын «Қазақстанның - 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын одан әрі іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6-сәуірдегі № 310 жарлығы бойынша жасалған халықаралық «Салауатты өмір салты» бағдарламасын жүзеге асыруда № 43 «Қызғалдақ» балабақшасының меңгерушісі Махашева З.У. Астана қаласы «Салауатты өмір салты қалыптастыру орталығымен» келісім-шарт негізінде 3-ай бойы бекітілген тұрғыда педагогтармен, ата – аналармен, балалармен жұмыс істеді.

Бағдарламаның мақсаты: Халықты сауықтыру және орташа өмір сүру ұзақтығын ұлғайту болып табылады.

Негізгі міндеттер: Салауатты өмір салтына денсаулықты нығайтуға, халықтың денсаулығын әлеуметін дамытуға және денсаулық сақтау мәдениетін қалыптастыруға жәрдемдесу.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың кешенді үзіліссіз және орнықты жүйесін құру.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев көздеген ұлт болашағы балғындардың денсаулығын, салауатты өмір салтын қолдау, жүзеге асыру - өте өзекті мәселелердің бірі.

Міне, осындай игі істі жүзеге асыру барысында ұжыммен, ата – аналармен көптеген семинарлар өткізілді. Салауатты жұмыс орындары жобасы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011- 2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында өткізілді.

Ақпараттандыру жұмысын медбике Тлеумбетова Н.Ә. жүзеге асырды. Салауатты өмір салты әр адам үшін өзгеше болады. Өз өмірінде адам баласы рухани жағынан әлемнің жалпыға ортақ заңдарын, әлеуметтік өмірде қоғамның арнайы заңдарын, биологиялық тұрғыда өз ағзасының жеке заңдарын басшылыққа алуы тиіс. Әр өткізілген семинарлардың өз тақырыбына сай салауатты өмір салтына негізгі элементтеріне слайдтар мен бейнероликтер. Мәселені талқылап, слайдтар мен бейнероликтер сұрақ-жауап негізінде өткізілді.

Жалпы «Салауатты өмір – денсаулық кепілі» болып саналатындықтан біздің ұжымымызда да педагогтардың өз денсаулығын сақтау кепілдемелері туралы көзқарастарын кеңейту, әр адамның табиғи болмысының өзгеруіне әрекет етуге ықпал етілді.

Сонымен қатар біздің № 43 «Қызғалдақ» балабақшасында педагогтардың салауатты өмір салтын қағидаларын түсінуіне үлкен жол ашылды. Балабақшамыздағы ұжым қызметкерлерінің денсаулығын сақтауға толық күн жұмсалды. Нақтылай айтар болсақ: Баланы тәрбиелеу – оқыту процесіндегі педагогтардың көңіл – күйі, рухани дүниесі, таза, денсаулығы мықты, салауатты өмір салтының қағидаларын ұстанатын педагогтардың санын көбейтуге негіз ашылды. Әрине, егер педагогтарымыздың денсаулығы мол, өмірге деген ұстанымы жоғары деңгейде болса, кішкентай бүлдіршіндердің тәрбиесі мен дамып – жетілуіне ықпал етері сөзсіз.

Осы өткізілген семинарлар арқылы әр адам салауатты өмір салтының құндылықтарымен танысып, зиянды факторлардан өзін – өзі қорғау мәселесі жөнінде ақпараттандырылды. Яғни күнделікті өмір шындығымен байланыстырылып, өмірге деген көзқарастары өзгерді. Мысалы, нақтылай айтар болсақ, Жүрек – қан тамыр ауруларының алдын қалай алуға болады ?

«Иммунитет әлсіздігінің белгілері» бейнероликтері арқылы көптеген мәліметтер алынып, әр педагогпен сауалнамалар толтырып, ескертпелер таратылды. Әрине, ауырып емделгенше – ауырмайтын жол ізде демекші бұл семинарлардың қоғамға пайдасы ұшан – теңіз. Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты жұмыс орындары» жобасына қолдау көрсетіп, белсене ат салысқандығы үшін Махашева Загира Уйсімбайқызын алғыс хатпен марапатталды.

Әрине басқа да баланы тәрбиелеу – білім беру бағытында мекемелерге үлгі ретінде Махашева З.У-ның жұмысын жоғары деңгейдегі іс – әрекетін жазып отырмыз.

Жалпы, № 43 «Қызғалдақ» балабақшасында 6-топ жұмыс істейді. Бұл балабақшада маңызды шешуші құзіреттіліктерді қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын пәндік дамытушы орта құрылған.

Биылғы жылы «Аққу» және «Қарлығаш» топтары арқылы 49 бүлдіршін мектепке сәт – сапар тілеп, шығарып салынды.

Балаларды дамыту мен тәрбиелеуде нәтижеге жету үшін педагог пен ата - аналардың бірлесіп жұмыс жасауы маңызды роль атқарады.

Жалпы салауатты өмір салтына сәйкес ашық көрсетілімдер болды. Нақтылай айтар болсақ: «Салауатты өмірдегі дәстүрден тыс технологияның маңызы» тақырыбында ата – аналармен дөңгелек үстел отырысы өтті. Әр ата –ана өз ризашылығын білдірді.

Соның ішінде «Балапан» тобының ата – аналары күнделікті өмір шындығымен байланыстырылған үлгіде қойылым көрсетті. Әрине балабақшамызда отбасымен қарым қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөлінген. Сонымен қатар, мерекелік ертеңгіліктер, ұйымдастырылған іс – шаралар жоғары деңгейде өтілетіндігі шындық.

«Денсаулықтың достары» тақырыбындағы тренингте де барлық ата – аналар өз ризашылығын білдірді.

Тәрбиеші балаға қатысты мәселерді бірігіп шешу мақсатында ата – аналармен ынтымақтастық қатынас орнатып, оларды топтың өмірі мен қызметін ұйымдастыруға белсенді қатыстырып отыруы қажет. Ендеше, ата – аналар сіздерге айтарымыз жеке тұлғаның дамып жетілуіне бәріміз бір кісідей ат салысайық дегім келеді.

 

 

Полезное