Меню KDT
! Сегодня
KZ / RU

ВАКАНСИИ

Этот сервис позволит организациям в онлайн режиме подбирать себе необходимый персонал. Каждая организация может воспользоваться этим бесплатным сервисом публикуя свои вакансии и получая резюме соискателей. Для этого организация должна лишь зарегистрироваться на платформе и указать свободные вакансии, а соискателям необходимо выбрать вакансии из списка и отправить свои резюме

№38 Мектеп-лицей сайты
  • Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№38 мектеп – лицей» КММ педагог лауазымдарының уақытша бос және бос орындарына педагогтерді тағайындауға конкурс жариялайды.
    Требования:

    І. Уақытша бос орындар:

    • Математика мұғалімі – 1;
    • Тарих пәні мұғалімі – 1 ;
    • Әлеуметтік педагог – 1;

    ІІ. Бос жұмыс орындары:

    • Театр және сахна өнері, хор үйірмесі мұғалімі – 1;

    Конкурсқа қатысушыға қойылатын біліктілік талаптары:

    1. Пән бойынша жоғары педагогикалық білім,
    2. Жұмыс тәжірибесі 3 жылдан кем емес.
    3. Әртүрлі сертификаттардың болуы, өз қызметінің сипатына сәйкес кәсіби жарыстарға қатысуы, семинарларға, конкурстарға және байқауларға қатысуға дайындығы құпталады.
    4. Еңбексүйгіштік, жауапкершілік, көпшілдік.
    5. Жұмыс түрі – толық.

    Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға 04- 14 тамыз аралығында келесі құжаттарды электронды түрде (astana_shl38@inbox.ru) немесе қағаз түрінде (Ғ.Мүсірепов 8/2, «№38мектеп –лицей» КММ) тапсыру қажет:

    1) осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) Ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі – ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда).

    10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы.

    Контакты:
    Мекен жайымыз: Ғ.Мүсірепов8/2, Сайт: 38.astana-bilim.kz, email:Astana_shl38@inbox.ru, тел: 8 7172 50 17 12
    Дата добавления:
    12.08.2022
Чтобы оставить свое резюме Посетите сайт
Вернуться назад

Полезное