Требования:
Астана қаласы әкімдігінің «Фариза Оңғарсынова атындағы №77 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК-на бастауыш сынып мұғалімі уақытша бос лауазымына конкурс жариялайды.
Орналасқан жері: Астана қаласы
Мекен жайы: Мәңгілік ел 22/1
Электрондық мекен-жайы: school_77gimnazia@mail.ru
Телефон нөмірлері: 8-7172-24-88-75
Жүктеме: 16 сағат
Конкурсқа құжаттарды қабылдау уақыты: 26.02 – 10.03.2026ж.
Құжаттар hr-nobd.edu.kz сайты арқылы қабылданады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы бойынша конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
- осы Қағидаларға 3-қосымшағасәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
- Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
- "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- наркологиялық аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
- ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
- осы Қағидаларға12, 13-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
- жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Контакты:
Телефон нөмірлері: 8-7172-24-88-75
Дата добавления:
27.02.2026