Меню KDT

Список сайтов с вакансиями

Главная Список сайтов с вакансиями

Астана қаласы Білім басқармсының №42 жалпы орта білім беретін мектебі
  • әлеуметтік педагог, дене шынықтыру пәні мұғалімі, дефектолог, логопед
    Requirements:

    Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтердің бос (уақытша бос) лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен « Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту  туралы» бұйрығын басшылыққа ала отырып, Астана қаласы әкімдігінің «№42 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос лауазым орындарына

    БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАЙДЫ!!!

    -           әлеуметтік педагог – 1.0 бірлік

    -           дене шынықтыру пәні мұғалімі – 20 сағат

    -           дефектолог – 1 бірлік

    -           логопед – 1 бірлік

     

      Құжаттар 2025 жылдың 15.12-25.12.2025ж. күндері аралығында

    https://hr-nobd.edu.kz/#/social/vacancies/ сайты арқылы өтініш бере аласыздар.

     Хабарлама жарияланған күннен бастап 7 жұмыс күн ішінде бос лауазымға орналасу үшін мынадай құжаттарды қабылдауды жүзеге асырады.

     

    1) осы Қағидалардың 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;

    2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);

    3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);

    4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

    5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

    6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген).075  справка

    7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

    8) наркологиялық ұйымнан анықтама;

    9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);

    10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе айелтс IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) сертификаты - 60-65 балл;

     11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

    12) 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.

    13) тәжірибесі жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы (өзін-өзі таныстыру) ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480

     

    Конкурс 06.01.2026ж. күні сағат 14:00-де Астана қаласы, Күйгенжар тұрғын алабы, Жаңатұрмыс көшесі 6/2 мекен-жайында орналасқан Астана қаласы әкімдігінің «№42 жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде өткізіледі.

       Мекен жайы:

      Астана қаласы

      Сарайшық ауданы

      Күйгенжар тұрғын алабы,

       Жаңатұрмыс көшесі 6/2.

     

    Электронды пошта:  sh_42@mail.ru , mail@42bilim-ns.edu.kz

    Телефоны:  8 708 968 4426; 87758191981; 87076124507

    Date added:
    17.12.2025
To leave your resume Visit website
Back