Сайлауға қатысу – азаматтың міндеті ме, әлде құқығы ма?
М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Сайлауға қатысу – азаматтың міндеті ме, әлде құқығы ма?» тақырыбында пікірсайыс өткізілді.
Пікірсайыс барысында оқушылар екі тарапқа бөлініп, өз ұстанымдарын қорғады. Қатысушылар азаматтық құқық, сайлау мәдениеті, қоғамдық жауапкершілік туралы ой қозғап, өз дәлелдері мен тұжырымдарын ортаға салды.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың сыни ойлау қабілетін дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге және өзгенің көзқарасын құрметтеуге баулу.
ВИДЕО
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии