Меню KDT

Новости

Главная Новости

«КҮЙ АҢЫЗЫ» – ЖАС ДОМБЫРАШЫЛАР БАЙҚАУЫ

 
Мектебімізде көрнекті күйші, халық композиторы Дина Нұрпейісованың 165 жылдық мерейтойына орай «Күй аңызы» атты мектепішілік домбырашылар байқауы өтті.
Байқауға 3–7-сынып оқушыларынан құралған жас домбырашылар қатысып, қазақтың күй өнеріндегі шоқтығы биік шығармаларды орындап, өз шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылар Құрманғазының «Сарыарқа», «Балбырауын», «Адай», Дина Нұрпейісованың «Әсем қоңыр», «Бұлбұл», «Тойбастар», Дәулеткерейдің «Қосалқа», Тәттімбеттің «Саржайлау», Сүгірдің «Бозінген» және Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса» күйлерін нақышына келтіре орындады.
Байқау қатысушыларының өнерін әділқазылар алқасы күйді таза орындау, орындаушылық техникасы және ұлттық киім үлгісі бойынша бағалады.
🏆 Байқау қорытындысы бойынша үздік өнер көрсеткен оқушылар анықталып, дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
🎼 Күй – ұлттың рухы, домбыра – халқымыздың асыл мұрасы!  
Жас күйшілерімізге шығармашылық табыс пен жаңа жеңістер тілейміз! ВИДЕО

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны