МАМАНДЫҒЫМ — БОЛАШАҒЫМ
🔹 Кәсіби бағдар беру күніне орай Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің өкілі 11-сынып оқушыларына білім беру бағдарламалары, шекті балл және ҰБТ құрылымы жайлы ақпарат берді.
🎓 Түркия университетінің түлегі Айдана Аби Германия мен Түркияда грантқа ие болу мүмкіндіктері туралы пайдалы кеңестерімен бөлісті. Іс-шара сұрақ-жауап айдарымен аяқталды.
🔹 9-сыныптар KILC Халықаралық лингвистикалық колледжі мен Басқару колледжінің сұранысқа ие мамандықтары жайлы ақпаратпен танысты.
🇬🇧 7, 8, 9-сыныптар KILC колледжінде тегін Speaking Club өткізілетіні жайлы және мамандық таңдау үшін қандай дайындық қажет екені туралы қосымша мәлімет алды.
ВИДЕО
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии