КӨРКЕМ-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ПӘНДЕР АПТАЛЫҒЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ АШЫЛУЫ
М. Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Күйден сәулетке дейін: Дина Нұрпейісова мен Шота Уәлиханов мұрасы» тақырыбындағы көркем-эстетикалық пәндер апталығының салтанатты ашылуы өтті.
Мерекелік шара музыка, ән, би мен өнерді тоғыстырып, көрермендерге ерекше көңіл күй мен жарқын әсер сыйлады. Домбыраның күмбірлеген үні, әсем әндер, би қойылымдары мен оқушылардың шығармашылық өнері ашылу салтанатына ерекше сән берді.
Өнер арқылы оқушылар ұлттық мәдени мұрамен сусындап, шығармашылық қабілеттерін танытып, көркем-эстетикалық пәндердің маңызын аша түсті.
✨ Өнер – шабыттың бастауы, шығармашылық – жаңа мүмкіндіктерге жол! Апталықтың әр күні тың идеяларға, қызықты ізденістерге және шығармашылық жетістіктерге толы болсын!
ВИДЕО
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии