Республикам – мақтанышым!
Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында 25 қазан – Республика күніне орай «Республикам – мақтанышым!» атты мерекелік іс-шара салтанатты түрде өткізілді.
Мерекелік іс-шара барысында оқушылар патриоттық әндер шырқап, би өнерін көрсетіп, туған елге деген сүйіспеншіліктері мен құрметтерін өнер арқылы жеткізді.
Аталған іс-шара жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге және ел бірлігі мен тәуелсіздігінің маңызын ұғындыруға бағытталды.
🇰🇿 25 қазан – Республика күні құтты болсын!
ВИДЕО
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии