ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және азаматтық жауапкершілігін нығайту мақсатында профилактикалық кездесу өткізілді. Іс-шараға Астана қаласы Полиция департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша қызметкерлері – полиция майоры Каратаев Е.С. және полиция майоры Молдабекова З.Е. қатысты. Кездесу барысында оқушыларға құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, заң талаптарын құрметтеу және кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған кездесу оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң алдындағы жауапкершілігін арттыруға және қауіпсіз орта құрудың маңызын түсіндіруге бағытталды.
Заң мен тәртіп – қауіпсіз қоғамның негізі!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии