21 қазан күні Мағжан Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында жоғары сынып оқушыларының қатысуымен «Күзгі табиғат – көркем туынды» атты шығармашылық сурет көрмесі ұйымдастырылды. Әрбір картинадан оқушылардың шығармашылық ізденісі, көркемдік талғамы мен табиғатқа деген сүйіспеншілігі көрініс тапты. Аталған көрме оқушылардың бейнелеу өнеріне деген қызығушылығын арттыруға, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және табиғат сұлулығын бағалай білуге тәрбиелеуге бағытталды. Күздің әр бояуы – өнердің бір көрінісі!
ВИДЕО