№32 мектеп-гимназиясында «Фемида» дебат клубының орыс тілі лигасы мектепішілік пікірсайыс өтті.
Пікірсайыс тақырыбы:
«Эта палата считает, что вклад молодёжи в развитие общества является более важным проявлением патриотизма, чем знание истории и государственных символов».
Пікірсайыс барысында оқушылар өз көзқарастарын білдіріп, дәлелдер келтіріп, қарсы тараптың уәждеріне жауап берді. Қатысушылар сыни ойлау, шешендік өнер, өз пікірін нақты жеткізу және пікірталас мәдениеті дағдыларын көрсетті.
Дебат — тек пікірталас емес, ол өз ұстанымыңды дәлелдеп, өзгенің пікірін құрметтеуге үйрететін маңызды алаң. Осындай кездесулер жас ұрпақтың азаматтық жауапкершілігін арттырып, қоғам өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.