📖 «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында №32 мектеп-гимназиясының ұстаздары мен кітапханашысы кітапханада бас қосып, кітап оқудың маңыздылығын насихаттады.
Кітапхана – білім мен руханияттың ордасы, ал кітап – адамзаттың асыл қазынасы. Кітап оқу арқылы адамның ой-өрісі кеңейіп, дүниетанымы қалыптасады, рухани әлемі байи түседі. Ұстаздың кітап оқуы – оқушыға үлгі, ал оқуға деген сүйіспеншілік – ұрпақ тәрбиесіндегі маңызды құндылықтардың бірі. Өйткені кітап оқитын ұстаз – кітап оқитын ұрпақтың қалыптасуына жол ашады! ✨ Кітап оқиық, ой бөлісейік, білімімізді бірге арттырайық! Кітапқа деген сүйіспеншілік әр жүректе оянсын! Кітап оқитын ұлт – рухани бай ұлт! 📚❤️ #КітапОқитынҰлт#ОқитынҰлт#Кітапхана#КітапОқу #№32МектепГимназиясы