МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

Құрметті ата-аналар!Жаңа оқу жылы қарсаңында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығына (2025 жылғы 19 мамырдағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес) белгіленгенін хабарлаймыз.Мектеп формасына қойылатын талаптар• Мектеп формасының түсі – қою көк.• Форманың үлгісі – классикалық іскерлік стильде болуы тиіс.Ұлдарға арналған мектеп формасы:✔️ Пиджак✔️ Жилет✔️ Шалбар кең пішілген және ұзындығы бойынша аяқтың сирақтарын жауып тұрады.✔️ Ақ түсті көйлек✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазкаҰсынылатын ең аз жинақ:• ақ көйлек; • жилет; • шалбар. Қыздарға арналған мектеп формасы: ✔️ Пиджак✔️ Жилет✔️ Белдемше✔️ Шалбар✔️ Ақ түсті блузка✔️ Сарафан✔️ Суық мезгілде – тоқыма жилет немесе ақ водолазкаТалаптар:• шалбар кең пішілген және аяқтың сирағын жауып тұруы тиіс; • белдемше классикалық кеңсе үлгісінде, ұзындығы тізеден 5 см жоғары болмауы керек. Назар аударыңыз!Ата-аналар ұсынылған мектеп формасының үлгісіне сәйкес мектеп формасын кез келген сауда орындарынан өз таңдауы бойынша сатып ала алады.
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии