Меню KDT

Новости

Главная Новости

Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қымбатты шәкірттер!



Құрметті ұстаздар, ардақты ата-аналар, қымбатты шәкірттер!

№64 мектеп-лицейде өздеріңізбен бірге жас ұрпақты тәрбиелеуде 16 жыл қызмет атқардым.

Уақыт талабы бойынша Астана қаласындағы басқа мектепте қызметімді жалғастыру міндеттелгендіктен, өздеріңізге еңбек жолында бірге болғандарыңыз үшін алғысымды білдіргім келеді.

№64 мектеп-лицейдегі қызметім директордың бейіндік ісі жөніндегі орынбасары ретінде басталып, кейін 2019 жылдан бастап мектеп директоры қызметін атқардым.

Осы жылдар ішінде мектептің дамуы үшін сіздермен бірге еңбек етіп, ортақ мақсаттарға ұмтылу мен үшін үлкен мәртебе болды.

Ең алдымен, шығармашыл әрі жауапкершілігі жоғары мәртебелі ұстаздар қауымына шынайы алғысымды білдіремін. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, шәкіртке деген жанашырлықтарыңыз бен ізденістеріңіздің арқасында мектебіміз талай-талай жетістікке жетті. Әрбір жетістіктің артында үлкен еңбек, бірлік пен өзара сенім жатқанын жақсы білемін. Осы жолдағы еңбектеріңіз сіздерді толағай табыстарға жетелей берсін!

Құрметті ата-аналар! Балаларыңыздың сапалы білім алып, саналы тәрбие көруі жолында мектеппен әрдайым серіктес болып, қолдау көрсеткендеріңіз үшін зор ризашылығымды қабыл алыңыздар. Білім мен тәрбиенің нәтижелі болуы – отбасы мен мектептің өзара түсіністігі мен ынтымақтастығына тікелей байланысты.

Аяулы шәкірттер! Сендер – мектебіміздің мақтанышысыңдар. Білімге деген құштарлықтарың, ізденістерің мен жетістіктерің бізге әрдайым шабыт берді. Қайда жүрсеңдер де адамгершілік қасиеттерді жоғары ұстап, елін сүйетін, білімді де парасатты азамат болып қалыптасуларыңа тілектеспін.

Қызметтік жолымды басқа білім беру ұйымында жалғастыратын болсам да, осы мектепте өткен жылдар мен үшін қымбат естелік болып қала береді. Бұл мектеп маған кәсіби тәжірибе ғана емес, сенім, шығармашылық, кәсібилік пен іскерлік және үлкен өмірлік сабақ сыйлады.

Алдағы уақытта да мектебіміздің мерейі үстем болып, білім мен тәрбиенің қара шаңырағы ретінде биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенемін. Ұжымның бірлігі нығайып, оқушыларымыздың жетістіктері арта берсін!

Баршаңызға шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс, ал шәкірттерімізге жарқын болашақ тілеймін.

                                                                                                                                                                       Ізгі ниетпен, Б.А. Баймуратова

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны