Мектеп директоры Майнур Есенбековна 11-сынып оқушыларымен, «Алтын белгі» үміткерлерімен және олардың ата-аналарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында қазіргі таңда өтіп жатқан қорытынды емтихандарға сәттілік тілеп, оқушыларға сабырлық, сенімділік және жоғары нәтижелер тіледі. Сонымен қатар, түлектер мен олардың ата-аналарына қолдау білдіріп, ақ жол тіледі.