1 Маусым – Балаларды қорғау күні және жазғы лагерьдің салтанатты ашылуы!
Бүгін балалар үшін ерекше мереке! Балаларды қорғау күніне орай жазғы лагеріміздің есігі айқара ашылды.
Лагерьдің алғашқы күні көтеріңкі көңіл-күймен, қызықты ойындармен және жарқын әсерлермен басталды.
Балаларымызға көтеріңкі көңіл-күй, жаңа достар, қызықты демалыс және ұмытылмас естеліктер тілейміз! Әр күніміз қуанышқа, жетістікке және жақсы эмоцияларға толы болсын! Баршаңызды Балаларды қорғау күнімен құттықтаймыз! Балалардың күлкісі ешқашан үзілмесін!