Ғарышкерлер күніне орай бастауыш сынып оқушылары арасында “Ғарышқа саяхат” тақырыбында сурет салу сайысы өткізілді. Аталған іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, ғарыш әлеміне деген қызығушылығын арттыру және олардың қиялын ұштау. Сайыс барысында оқушылар өздерінің салған суреттерін ұсынып, әр жұмысын қысқаша таныстырып өтті. Балалар өз туындыларында ғарыш әлемін, ғарышкерлерді, зымырандар мен ғаламшарларды бейнелеп, тақырыпты жан-жақты аша білді. Әр қатысушы өз жұмысының идеясын түсіндіріп, шығармашылық ойымен бөлісті. Іс-шара оқушылардың белсенділігін арттырып, олардың өнерге деген қызығушылығын дамытуға үлкен мүмкіндік берді. Сонымен қатар, балалардың өз ойын еркін жеткізуіне және эстетикалық талғамының қалыптасуына ықпал етті.
ВИДЕО КӨРУ