«Шебер қолдар» жобасы аясында «Наурыз: дәстүр мен жаңарудың үндесуі» тақырыбында шеберлік сағаты ұйымдастырылды. Мақсаты – ұлттық қолөнерді насихаттау, ата-бабадан мұра болып қалған дәстүрлі өнерді жаңғырту және қатысушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту. Шеберлік сағат барысында қатысушылар қазақтың дәстүрлі қолөнер түрлерінің бірі – текемет жасау өнерімен танысты. Заманауи жүнмен жұмыс істеу тәсілдері көрсетіліп, текемет дайындаудың негізгі кезеңдері түсіндірілді. Қатысушылар жүнді өңдеу, оны белгілі бір өрнекпен орналастыру, басу және безендіру сияқты әдістерді тәжірибе жүзінде орындап көрді. Шеберлік сағат барысында ұлттық ою-өрнектердің мәні мен мағынасы туралы айтылып, олардың қазақ мәдениетіндегі орны түсіндірілді. Қатысушылар өз қолдарымен шағын текемет үлгілерін жасап, шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Өткізілген шеберлік сағат жас ұрпақтың ұлттық мәдениетке деген құрметін қалыптастырып, халық өнерін сақтауға және дамытуға ықпал ете алды деп білеміз.
ВИДЕО КӨРУ