Бастауыш сынып апталығы аясында тәлімгерлердің жас мамандармен жұмысын ұйымдастыру мақсатында «Жас ұстаз формуласы» атты арт-терапиялық жұмыс түрі өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жас мамандардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, көңіл күйін анықтау және кәсіби мотивациясын арттыру. Жаттығу барысында қатысушылар өз көңіл күйлерін адам бейнесінің бастары арқылы суреттеп, түрлі түстер мен белгілер арқылы эмоцияларын бейнеледі. Сонымен қатар жас мамандар «шабыт, білім, сенім, ынта, арман, жігер, мейірім, идея, талпыныс, ізденіс» сөздері негізінде «Жас ұстаз формуласы» атты мотивациялық формулалар құрастырды. Арт-терапия кезеңінде қатысушылар суреттерді бояп, шығармашылық арқылы өз ойларын еркін жеткізді. Жаттығу соңында рефлексия жүргізіліп, жас мамандар өз әсерлерімен бөлісті.
ВИДЕО КӨРУ