04 наурыз күні мектебімізде бастауыш апталығы аясында 1-сыныптар арасында “Өзімнің әлемім” – білім алушылар хоббиінен көрме сайысы өткізілді. Біздің білім алушылар өз хоббилері арқылы ішкі әлемін таныстырып, ерекше жұмыстарын көрмеге ұсынды. Бұл көрмеде қолөнер, сурет, шығармашылық жұмыстар және түрлі қызығушылықтарды көрсететін туындылар ұсынылды. Әр жұмыс – ерекше идея мен талпыныстың нәтижесі болды. Әр хобби – тұлғаның дамуына жол ашатын қадам еді. Осындай шығармашылыққа толы көрме қатысушыларға шабыт беріп, жаңа идеяларға жол ашты. Қатысушылар өз жұмыстарын ортаға салып,мақсаттарын түсіндіре отырып өз марапаттарына ие болды.
ВИДЕО КӨРУ