Меню KDT

Новости

Главная Новости

АСТАНАДА 18 МЫҢНАН АСТАМ БАЛА БІР МЕЗЕТТЕ АСЫҚ ОЙНАДЫ

Астанада 18 мыңнан астам бала бір уақытта қазақтың ең танымал ұлттық ойындарының бірі – асық ойынын ойнады. Ауқымы жағынан ерекше бұл іс-шара Ұлттық спорт күніне орай ұйымдастырылды. Цифрландыру жылы аясында Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтті.
Ірі мәдени-спорттық шара ұлттық құндылықтарды насихаттауға бағытталды.
Елордадағы Жекпе-жек сарайының алаңында 3000 бала «АЛТЫН САҚА» флешмобына қатысты. Олар арнайы композицияға тұрып, асықтың «Алшы» келбеті мен «Алтын сақа» жазуын бейнеледі.
Музыкалық әуенмен балалар флешмобтың көркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады.�Бағдарламаны толықтай Айдар есімді жасанды интеллект жүргізді.
Флешмоб аяқталғаннан кейін жасанды интеллект қаланың барлық білім беру ұйымында – балабақшалар мен мектептерде – асық ойынының басталғанын ресми түрде жариялады.
Осы белгі бойынша бір мезетте 18 000-нан астам бала бүкіл қала бойынша асық ойнай бастады.
Мәдени-спорттық іс-шараның басты мақсаты – асық ойынын кеңінен насихаттау, оның тәрбиелік мәнін түсіндіру және жас ұрпақтың ұлттық спорт түрлеріне деген қызығушылығын арттыру.

Посмотреть новость на сайте учреждения

Вернуться к списку новостей

Комментарии


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь

Обсуждение не найдено


Заполняем школьные сайты

15

Помогаем, советуем, предлогаем как лучше всего заполнить сайт

Единый Образовательный портал

1

Единый Образовательный портал

Образование

1

Образование

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны

0

Официальное сообщество школы-гимназии №3 города Астаны