«Рәміздерге құрмет» танымдық семинары өтті! 🇰🇿
28 қаңтар күні М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында оқушылар мен ұстаздарға арналған ерекше әрі мазмұнды «Рәміздерге құрмет» атты танымдық семинар ұйымдастырылды. Іс-шара барысында арнайы шақырылған қонақтар — Геральдикалық зерттеулер орталығының білікті мамандары еліміздің мемлекеттік рәміздерінің тарихы, маңызы мен мәні жайлы қызықты ақпараттармен бөлісті. Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, патриоттық рухтарын нығайтты ✨ Мемлекеттік рәміздер — елдігіміздің айнасы, тәуелсіздігіміздің белгісі. Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақтың елге деген сүйіспеншілігін арттырары сөзсіз! 🇰🇿
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии