📌 Бүгін мектебімізде “НАҒЫЗ ЕР АЗАМАТ БОЛУ – НАМЫС ПЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК” тақырыбында әкелермен ашық диалог, тағылымды сұхбат өтті.
Іс-шараның арнайы қонақтары:
🔹 Күзембай Бекдайыр Нығметұлы – Республикалық Әкелер одағы ҚБ төраға орынбасары, Астана қаласы филиалының төрағасы, жасөспірімдер құқығын қорғау комиссиясының мүшесі, “Бала толағай” федерациясының президенті, ALQA радиосы “Ата-аналар алқасы” бағдарламасының жүргізушісі.
🔹 Ануарбеков Жақыпбек Жылқыбайұлы – Қарағанды облысы Әкелер кеңесінің төрағасы, қоғам жанашыры, жеке кәсіпкер.
🎯 Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасындағы және бала тәрбиесіндегі рөлін арттыру, әкелердің мектеп өміріне белсенді қатысуын қолдау, намыс пен жауапкершілік құндылықтарын дәріптеу.
👨👧👦 Кездесуге мектеп оқушыларының әкелері қатысып, ашық пікір алмасып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.
✨ Осы тағылымды кездесудің нәтижесінде мектебімізде ерікті әкелердің бастамасымен “Әкелер клубы” құрылып, алдағы уақытта мазмұнды кездесулер өз жалғасын табатын болды.
🤝 Бұл кездесу барша қатысушылар үшін үлкен ой саларлық, тәрбиелік мәні зор шара болды.
Құрметті қонақтарымызға және белсенді әкелерімізге зор алғысымызды білдіреміз! 🇰🇿
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии