📌 «Отбасылық тәрбие» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті
2025 жылғы 12 желтоқсан күні М.Жұмабаев атындағы №65 мектеп-гимназиясында «Қауіпсіздік сағаты» қалалық жобасы аясында ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу бағытында ата-аналар мен педагогтардың құқықтық және педагогикалық мәдениетін арттыру.
Жиынға 250-ге жуық ата-ана мен педагог қатысты. Кездесу оқушылар дайындаған бейнероликпен басталып, қоғам үшін өзекті мәселелер талқыланды.
🎤 Сөз алған спикерлер:
Хасенова Гүлсім Төкенқызы – Астана қаласы Білім басқармасының кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау бөлімінің бас маманы
Молдабекова Зульфия Ергешбаевна – Ювеналды полиция бөлімінің полиция майоры
Куспеков Жалғас Хайроллаұлы – Сарыарқа ауданы Әкелер одағының төрағасы, көпбалалы әке
Абилдабеков Булат Абатович – Психологиялық қолдау орталығының әдіскері
Жиналыс барысында отбасының тәрбиедегі рөлі, ата-аналардың заң алдындағы жауапкершілігі, жастар арасындағы профилактикалық жұмыстар кеңінен қозғалды.
👨👩👧👦 Бала қауіпсіздігі – отбасы, мектеп және қоғамның ортақ жауапкершілігі екені тағы бір мәрте айтылды.
Барлық қатысушыларға белсенділігі мен пікір алмасқаны үшін алғыс білдіреміз!
Посмотреть новость на сайте учреждения
Вернуться к списку новостей
Комментарии